Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

6-ТАРАУ

Сегіз адам аман қалды

Сегіз адам аман қалды

Нұх пен оның отбасы, сондай-ақ барлық жан-жануарлар кемеге кірді. Ал Ехоба арттарынан есікті жауып қойды. Сонда аспаннан жаңбыр жауа бастады. Жаңбырдың қатты жауғаны сонша — кеме су бетімен жүзе бастады. Ақырында бүкіл жер бетін су басып қалды. Кемеге кірмеген жаман адамдардың бәрі өлді. Ал кемедегі Нұх пен отбасы қауіпсіз жерде болды. Олар Құдайдың тілін алғандарына қатты қуанды!

Жаңбыр 40 күн, 40 түн жауып, ақыры тоқтады. Жер бетіндегі су жаймен тартыла бастады. Содан кеме бір таудың басына барып тоқтады. Бірақ жер бетінде әлі су көп еді. Сондықтан Нұх пен отбасы кемеден бірден шыға алмады.

Бірте-бірте жер құрғай берді. Нұх отбасымен кемеде бас-аяғы бір жылдан аса уақыт өмір сүрді. Сосын, Ехоба оларға кемеден шығуға рұқсат берді. Жер беті жаңа дүниеге ұқсайтын. Өмірлерін сақтап қалғаны үшін олардың Ехобаға алғыстары шексіз болды. Сондықтан оған сый-тарту ұсынды.

Ехоба Нұхтың отбасының сый-тартуын қабыл алып, бұдан былай жер бетіндегі тіршілікті топан сумен жоймауды уәде етті. Осы уәдесінде тұратынының белгісі ретінде ол аспаннан алғаш рет кемпірқосақ шығарды. Сен кемпірқосақты көргенсің бе?

Бұдан кейін Ехоба Нұх пен отбасына балалы болып, жер бетін толтыруды тапсырды.

“Нұх кемеге кірген күнге дейін... топан су басып, бәрін алып кеткенше, [адамдар] еш ойланбады” (Матай 24:38, 39).