Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-ТАРАУ

Ол ашу үстінде адам өлтірді

Ол ашу үстінде адам өлтірді

Едем бағынан қуылғаннан кейін, Адам ата мен Хауа ананың көп балалары болды. Олардың тұңғыш баласы Қабыл көкөніс өсірді, ал екіншісі Әбіл қой бақты.

Бір күні Қабыл мен Әбіл Құдайға сый-тарту жасады. Ехобаға Әбілдің сыйы ұнады, ал Қабылдікі ұнамады. Сонда Қабыл бұған қатты ашуланды. Ехоба оған ашулануды қоймаса, жаман бірдеңе істеп қоюы мүмкін екенін ескертті. Бірақ Қабыл тыңдамады.

Сөйтіп, ол інісі Әбілге: “Жүр, далаға барайық”,— деді. Екеуі далада жалғыз болғанда, Қабыл інісін бас салып, оны өлтіріп тастады. Бұл жағдайда Ехоба не істеді? Ол Қабылды үйінен алыс жаққа қуып жіберіп, үйіне қайтып оралуға рұқсат бермеді.

Бұл оқиғадан қандай сабақ аламыз? Бір нәрсе өзіміз ойлағандай болмаса, біз ашулана бастауымыз мүмкін. Қатты ашуланып бара жатқанымызды байқасақ не мұны бізге басқалар айтса, тез арада сабырға келейік. Әйтпесе ашуға беріліп қалуымыз мүмкін.

Әбіл Ехобаны жақсы көрген, сондықтан жақсылық жасаған. Ехоба оны ешқашан ұмытпайды. Жер бетін жұмаққа айналдырғанда, ол Әбілді қайтадан тірілтеді.

“Алдымен [бауырыңмен] татулас. Содан кейін ғана қайтып келіп, сый-тартуыңды ұсын” (Матай 5:24).