қазақ
Иса пайғамбарды еске алу
https://cms-imgp.jw-cdn.org/img/p/500900026/univ/art/500900026_univ_sqr_xl.jpg

Иса пайғамбарды еске алу

22 наурыз, дүйсенбі, 2027 жыл

Жыл сайын жер шары бойынша Ехоба куәгерлері Иса пайғамбарды еске алады. Өйткені ол ізбасарларына: “Мені еске алу үшін осылай істеп тұрыңдар”,— деп өсиет еткен (Лұқа 22:19).

Сізді отбасыңызбен бірге осы жиынға шақырамыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл жиынға кімдер келе алады?

Барлық адамға есігіміз ашық. Достарыңызбен және отбасыңызбен бірге келсеңіз болады.

Бұл жиын қанша уақытқа созылады?

Шамамен бір сағаттай.

Еске алу кеші қайда өтеді?

Мекенжайын білу үшін Ехоба куәгерлерінің біріне хабарласыңыз.

Кіру ақылы ма?

Жоқ, кіру тегін.

Барғанда ақша беру керек пе?

Жоқ. Біздің жиындарымызда ешқандай ақша жиналмайды (Матай 10:8).

Арнайы киім киіп келу керек пе?

Арнайы киім киюдің қажеті жоқ. Десе де Ехоба куәгерлері бұл жиынды маңызды санағандықтан, лайықты киінуге тырысады.

Еске алу кеші қалай өтеді?

Жиынның басында және соңында ән айтылып, дұға етіледі. Сондай-ақ Иса пайғамбардың не үшін өлгені және бұл бізге қандай игілік әкелетіні жайлы баяндама айтылады.

Көбірек білу үшін “Неге Ехоба куәгерлері Иеміздің кешкі асын басқа діндерден өзгеше атап өтеді?” деген мақаланы оқып көріңіз.

Алдағы жылдарда Еске алу кеші қашан өтеді?

2027 жылы: 22 наурыз, дүйсенбі күні

2028 жылы: 9 сәуір, жексенбі күні

2029 жылы: 29 наурыз, бейсенбі күні