Киелі кітаптар
“Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы” — тура әрі оқуға жеңіл. Ол толықтай не жартылай 307-дан аса тілде басылып шыққан, соңғы мәліметке сай, таралымы — 253 794 253 дана. Бұл аударма жайлы толық мәлімет алу үшін “Ехоба куәгерлерінің өздерінің бөлек Киелі кітаптары бар ма?” және “Жаңа дүние аудармасы” тура ма?” (ор.) деген мақалаларды оқып көріңіз.
Кейбір тілдерде біз адамдарға таныс Киелі кітаптың басқа да аудармаларын электронды не баспа түрін шығаруға рұқсат алдық.