Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

14-бөлімнің кіріспесі

14-бөлімнің кіріспесі

Алғашқы мәсіхшілер Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды жердің қиыр шетіне дейін жариялады. Иса оларды уағыздау керек жерлерге бағыттап отырды. Сондай-ақ мәсіхшілер әртүрлі адамдарға өз ана тілінде тәлім беру үшін бір керемет жасады. Ехоба шәкірттерге аяусыз қудалауға қарсы тұрулары үшін батылдық пен күш дарытты.

Иса елші Жоханға аян беріп, Ехобаның салтанатын көрсетті. Басқа аянда Жохан көк Патшалығының Шайтанды жеңіп, оның билігін мәңгілікке жойып жатқанын көрсе, тағы бірінде Исаның Патша болып, 144 000 билеушімен бірге билік етіп жатқанын көрді. Жохан бүкіл жер жұмаққа айналып, барлық адамның Ехобаға ынтымақ-бірлікте ғибадат етіп жатқанын да көрді.

БҰЛ САНАТТА

94-ТАРАУ

Шәкірттерге киелі рух қонды

Киелі рух оларға керемет түрде қандай қабілет дарытты?

95-ТАРАУ

Оларды ештеңе тоқтатпады

Исаны өлтірген дінбасылар оның шәкірттеріне уағыздауға тыйым салуға тырысты. Бірақ олардың дегендері болмады.

96-ТАРАУ

Иса Саулды таңдады

Саул мәсіхшілердің қас жауы болды. Бірақ кейін ол өзгерді.

97-ТАРАУ

Корнелге киелі рух қонды

Неге Ехоба Петірді яһуди емес адамның үйіне жіберді?

98-ТАРАУ

Мәсіхшілік көп халыққа тарады

Елші Пауыл мен миссионер серіктестері шалғай жерлерде уағыздау ісіне кірісті.

99-ТАРАУ

Түрме бастығы Ехоба жайлы білді

Пауыл мен Сыйлас не үшін түрмеге тасталды? Түрме бастығы Ехоба жайлы қалай білді?

100-ТАРАУ

Пауыл мен Тімөте

Екеуі қызметте көп жыл бірге еңбектеніп, жақын дос болды.

101-ТАРАУ

Пауыл Римге жіберілді

Теңізде талай қиындыққа кезіксе де, елші еш тайсалмады.

102-ТАРАУ

Жохан аян көрді

Иса оған болашақта не болатынын көрсету үшін бірқатар аян берді.

103-ТАРАУ

“Сенің Патшалығың келсін!”

Жоханның алған аянында Құдай Патшалығының жердегі өмірді қалай өзгертетіні көрсетілген.