Матай 16:1—28

  • Көктен белгі көрсетуді сұрау (1—4)

  • Парызшылдар мен саддукейлердің ашытқысы (5—12)

  • Патшалықтың кілттері (13—20)

    • Қауым жартасқа тұрғызылады (18)

  • Исаның өлімі жайлы алдын ала айтылуы (21—23)

  • Нағыз шәкіртке қойылатын талап (24—28)

16  Сол жерде Исаға парызшылдар мен саддукейлер келіп, оны сынамақ болып, көктен белгі көрсетуін сұрады+.  Иса оларға жауап беріп, былай деді: “Кеш түскенде әдетте сендер “күн ашық болады, өйткені аспан қып-қызыл” дейсіңдер,  ал таңертең “бүгін күн суық әрі жаңбырлы болады, себебі аспан қып-қызыл болғанмен, бұлыңғыр екен” дейсіңдер. Сендер аспан құбылыстарын түсіндіре аласыңдар, бірақ бұл уақыттың белгілерін түсіндіре алмайсыңдар.  Зұлым да азғын ұрпақ белгі іздеуін қоймайды, бірақ оған Жүніс пайғамбардың белгісінен+ басқа белгі көрсетілмейді+”. Сосын оларды тастап, кетіп қалды.  Шәкірттері арғы жағаға өтті, бірақ нан алуды ұмытып кеткен еді+.  Иса оларға: “Байқаңдар, парызшылдар мен саддукейлердің ашытқысынан сақ болыңдар”+,— деді.  Олар өзара: “Бұны біз нан алмағандықтан айтқан шығар”,— дей бастады.  Мұны білген Иса былай деді: “Сенімі аздар-ау, неге нанымыз жоқ деп жатырсыңдар?  Әлі де түсінбейсіңдер ме? Жоқ әлде бес нанмен 5000 ер кісіні тойдырғанымда, артылғаны қанша себет болғанын ұмытып қалдыңдар ма+? 10  Ал жеті нанмен 4000 адамды тойдырғанымда, артылғанынан қанша үлкен себет жинап алып едіңдер+? 11  Сендерге нан туралы айтпағанымды қалайша түсінбейсіңдер? Парызшылдар мен саддукейлердің ашытқысынан сақ болыңдар+”. 12  Сонда олар Исаның нан ашытқысынан емес, парызшылдар мен саддукейлердің ілімінен сақтандырғанын түсінді. 13  Иса Філіп Кесариясы аймағына келгенде, шәкірттерінен: “Жұрт Адам Ұлын кім деп жүр?”+— деп сұрады. 14  Олар: “Біреулер шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия+, өзге біреулер Ілияс+, тағы біреулер Еремия немесе өзге пайғамбарлардың бірі деп жүр”,— деді. 15  Сонда ол: “Ал сендер мені кім дейсіңдер?”— деп сұрады. 16  Шимон Петір: “Сіз Мәсіхсіз+, тірі Құдайдың Ұлысыз+”,— деп жауап берді. 17  Иса оған былай деді: “Сен бақыттысың, Жүніс ұлы Шимон! Өйткені мұны саған адам баласы емес, көктегі Әкем ашты+. 18  Саған тағы былай деймін: сен Петірсің*+. Мен осы жартасқа+ өз қауымымды тұрғызамын. Оны ажалдың құдіреті* де жеңе алмайтын болады. 19  Мен саған Көк Патшалығының кілттерін беремін. Жер бетінде нені байласаң, сол көкте байланып қойылған, ал жер бетінде нені шешсең, сол көкте шешіліп қойылған болады”. 20  Сосын өзінің Мәсіх+ екенін ешкімге айтпауды шәкірттеріне қатаң ескертті. 21  Сол кезден бастап Иса Мәсіх шәкірттеріне Иерусалимге баруы керектігін және ақсақалдар, жоғарғы діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінің қолынан көп азап шегіп, өлтірілуі, ал үшінші күні қайта тірілуі керектігін түсіндіре бастады+. 22  Сонда Петір оны былайырақ алып шығып: “Ием, өзіңізді аяңыз. Мұндай нәрсе басыңызға түсе көрмесін!”— деп қарсылық білдіре бастады+. 23  Бірақ Иса одан теріс бұрылып: “Менен аулақ кет, Шайтан*! Сен жолыма тосқауыл қойып жатырсың, өйткені Құдайдың емес, адамның ойын айтып тұрсың!”+— деді. 24  Бұдан кейін Иса шәкірттеріне мынаны айтты: “Кім менің соңымнан ергісі келсе, өзінен бас тартып, азап бағанасын* алып, ұдайы соңымнан еріп жүрсін+. 25  Себебі кім жанын* сақтағысы келсе, одан айырылады, ал кім мен үшін жанынан айырылса, оны сақтап қалады+. 26  Адам бүкіл дүниеге ие болып, бірақ жанынан айырылса, бұдан оған не пайда+? Адам өз жаны үшін не бере алады+? 27  Өйткені Адам Ұлы періштелерімен бірге Әкесінің салтанатты ұлылығымен келгенде, әркімге ісіне қарай қарымтасын береді+. 28  Сендерге шындығын айтамын, осында тұрғандардың кейбіреуі Адам Ұлының өз Патшалығында келе жатқанын көрмейінше, өлмейді+”.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “көрдің қақпалары”. Грекше “гадес”. Түсіндірмені қараңыз.
Грек тілінен аударғанда “тассың”.
Бұл жерде Иса Петірді “қарсылас” деп айтып тұр, себебі “Шайтан” қарсылас дегенді білдіреді.
Немесе “өмірін”. Түсіндірмені қараңыз.