7-СҰРАҚ
Киелі кітапта қазіргі заман туралы не айтылған?
“Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады... Бұлардың барлығы — толғақ сияқты азаптың бастамасы”.
“Көптеген жалған пайғамбарлар шығып, талайларды адастырады. Заңсыздық көбейіп кеткендіктен, көпшіліктің сүйіспеншілігі суып кетеді”.
“Жақын маңдағы және алыстағы соғыстар туралы естисіңдер, алайда уайымдамаңдар. Олар болуға тиісті, бірақ бұл — әлі заманның соңы емес”.
“Қатты жер сілкіністері, түрлі жерлерде ашаршылық пен індеттер болады. Адамдар қорқынышты нәрселер мен аспаннан ғажайып белгілер көреді”.
“Соңғы күндері ерекше қиын уақыт болатынын біліп қой: адамдар тек қара басын ойлайтын, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, балағатшыл, ата-анасына мойынсұнбайтын, алғысты білмейтін, опасыз, бауырмалдықтан жұрдай, ымыраға келмейтін, жалақор, ұстамсыз, бұзақы, жақсылықты жек көретін, сатқын, қиқар, өркөкірек, Құдайдан гөрі ләззат-ермекті артық көретін болады, құдайшыл болып көрінгенмен, бұны істерімен көрсетпейді”.

