Петірдің 1-хаты 1:1—25

  • Амандасу (1, 2)

  • Құдай жаңадан туғызып, тірі үміт берді (3—12)

  • Тілалғыш балалардай киелі болыңдар (13—25)

1  Мен, Иса Мәсіхтің елшісі+ Петір, Понт, Ғалатия, Кападокия+, Азия* мен Бүтіния аймақтарына шашырап кетіп, сонда уақытша тұрып жатқан Құдайдың таңдап алғандарына жазып отырмын.  Сендер мойынсұнғыш болып, Иса Мәсіхтің қанымен бүркілулерің үшін+, Құдай Әкенің алдын ала білдіруімен таңдап алынып+, рух арқылы қасиетті болдыңдар+. Сендерге Құдайдың рақымы мен тыныштығы молынан жауа берсін!  Иеміз Иса Мәсіхтің Құдайы әрі Әкесі мадақталсын! Ол бізге зор мейірім көрсетіп, Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілту+ арқылы бізді жаңадан туғызып+, тірі үміт берді+,  сондай-ақ шірімес, арамдалмаған, солмайтын мұра сыйлады+. Бұл мұра сендер үшін көкте сақтаулы+.  Соңғы уақытта айқын көрінетін құтқарылуға ие болуларың үшін, Құдай өзіне сенуші сендерді өз күшімен қорғап отыр.  Сондықтан да әртүрлі сынақтарға кезігіп, аз уақыт қайғыруға тура келсе де, мейлінше қуанып жүрсіңдер+.  Өйткені Иса Мәсіх ашық көрінгенде, отпен сыналса* да+, жойылып кететін алтыннан әлдеқайда бағалы әрі сыналған сенімдерің арқылы мадақ, ұлылық пен құрметке бөленесіңдер+.  Сендер оны ешқашан көрмесеңдер де, сүйесіңдер. Қазір де көріп жүрген жоқсыңдар, сонда да оған сеніп, сөзбен жеткізе алмайтын зор қуанышпен шаттанудасыңдар.  Өйткені сенімдерің үшін сый ретінде жандарыңның құтқарылатынына сенімдісіңдер+. 10  Сендерге көрсетілетін рақым жөнінде алдын ала айтқан пайғамбарлардың ынталы ізденістері мен мұқият зерттеулері дәл осы құтқарылу жайында болатын+. 11  Олар өздеріндегі киелі рухтан Мәсіхтің шегетін азабы+, сондай-ақ артынан бөленетін ұлылығы жөнінде алдын ала куәлік алып, бұлардың нақты қашан немесе қандай уақытта болатынына+ нұсқайтынын тынымсыз зерттеумен болды. 12  Оларға өздеріне емес, сендерге қызмет еткендері ашылды: олар көктен келген киелі рухтың көмегімен+ ізгі хабарды жариялап жүргендер арқылы сендерге қазір өздеріңе жарияланып жатқан нәрселерді жеткізді. Бұларды түсінуді тіпті періштелер де қатты қалайды. 13  Сондықтан ақыл-ойларыңды іс-әрекетке дайын ұстаңдар+! Саналарың барынша сергек болсын+! Иса Мәсіх ашық көрінетін кезде өздеріңе көрсетілетін рақымға үміт артыңдар. 14  Тілалғыш балалардай болып, Құдайды білмей тұрған кездеріңдегі қалауларың бойынша өмір сүруді қойыңдар. 15  Қайта, өздеріңді шақырған Киелі Құдай сияқты, сендер де барлық іс-әрекеттеріңде киелі болыңдар+. 16  Өйткені Жазбада: “Киелі болыңдар, себебі мен киелімін”+,— делінген ғой. 17  Ешкімді алаламай+, әркімді ісіне қарай соттайтын Әкеге дұға етіп жүрсеңдер, уақытша тұрып жатқан осы дүниеде одан қорқып әрекет етіңдер+. 18  Өйткені сендер мынаны білесіңдер: ата-бабаларыңнан жеткен пайдасыз өмір салтынан күміс не алтын сияқты құрып жоқ болатын нәрселермен азат етілген жоқсыңдар+, 19  қайта, еш кемістігі жоқ әрі кіршіксіз тоқтының+ қаны іспетті Мәсіхтің+ аса бағалы қанымен азат етілдіңдер*+. 20  Рас, Құдай оны дүниенің негізі қаланғаннан* бұрын таңдап алған еді+, бірақ сендердің игіліктерің үшін ол ақырғы уақытта ашық көрінді+, 21  сондай-ақ ол арқылы сендер Құдайға сендіңдер+. Құдай оны өлімнен қайта тірілтіп+, ұлылыққа бөледі+. Осының арқасында сендер Құдайға сеніп, әрі оған үміт арта аласыңдар. 22  Шындыққа мойынсұнып өздеріңді* тазартқандықтан, бауырластарға деген шынайы сүйіспеншілікке+ ие болдыңдар. Сондықтан енді бір-біріңді барынша жақсы көріңдер+. 23  Өйткені сендер шіритін емес, шірімейтін тұқымнан+ — тірі әрі мәңгі Құдайдың сөзі+ арқылы жаңадан туылдыңдар+. 24  “Пенде атаулы шөп іспетті, оның бар сән-салтанаты дала гүліндей. Шөп қурап, гүлі түседі, 25  ал Ехобаның* сөзі мәңгі қалады+!” Сендерге ізгі хабар ретінде жарияланған, міне, осы “сөз”+.

Сілтемелер

“Азия” деп Рим империясының провинциясы жөнінде айтылып тұр.
Немесе “тазартылса”.
Сөзбе-сөз “құндарың өтеліп алынды”.
Бұл Адам ата мен Хауа ананың балалары туылған кезге нұсқайды.
Немесе “жандарыңды”.
Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.