Нақыл сөздер 12:1—28

  • Ескертуді жек көрген — надан (1)

  • “Ойланбай сөйлеген семсердей жаралайды” (18)

  • Татулыққа шақыру қуанышқа бөлейді (20)

  • Ехоба өтірік айтатын ауыздан жиіркенеді (22)

  • Сары уайым жүректі күйзелтеді (25)

12  Тәрбиені ұнатқан — білімді де ұнатқан+,Ал ескертуді жек көрген — надан*+.   Ехоба жақсы адамды ұнатады,Зұлымдық ойластыратынды айыптайды+.   Ешкім зұлымдық жасап, қауіпсіз бола алмас+,Әділ жанның ешқашан тамыры жұлынбас.   Жақсы әйел — күйеуінің тәжі+,Арсыз әйел — оның сүйегіне түскен шірік+.   Әділдің ойлары тура,Зұлымның берген кеңесі жалған.   Зұлымның сөзі қатерлі тұзақ болар+,Шыншыл адамды аузы аман сақтар+.   Зұлымдар құлатылғанда, біржола жоқ болар,Ал әділдердің шаңырағы берік тұрар+.   Ақылмен сөйлейтінді жұрт мақтар+,Жүрегі бұзық адам жексұрын болар+.   Асқа жарымай жүріп, өзін мақтайтыннан гөрі+,Қызметші ұстайтын қарапайым адам артық. 10  Әділ тіпті малының қамын ойлайды+,Ал зұлымның мейірімділігінің өзі — қатыгездік. 11  Жерін өңдегеннің қарны тоқ+,Бос нәрсеге ұмтылғанның ақылы жоқ*. 12  Жаман адам зұлымның олжасына қызығар,Тамыры мықты әділ жан жеміс берер. 13  Зұлым адам зымиян сөзінің тұзағына түсер+,Ал әділ жан пәледен құтылар. 14  Айтқан ізгі сөзі адамды жақсылыққа тойдырар+,Еңбек еткен қолы ақысын әперер. 15  Ақымақтың жолы өзіне түзу болып көрінер+,Ал ақылды адам кеңесті қабыл алар+. 16  Ақымақ ашуын сол заматта көрсетеді+,Ал парасатты адам қорлыққа мән бермейді. 17  Адал куәгер шындықты айтады,Жалған куәгер өтірік айтады. 18  Ойланбай сөйлеген семсердей жаралайды,Ал дананың тілі сауықтырады+. 19  Шыншылдың сөзі мәңгілік+,Өтірікшінің сөзі бір сәттік+. 20  Залымдық ойлайтынның жүрегінде арамдық,Татулыққа шақыратынның көңілінде шаттық+. 21  Әділ адам зардап шекпейді+,Зұлым адам апаттан көз ашпайды+. 22  Ехоба өтірік айтатын ауыздан жиіркенеді+,Ал адал жүріп-тұратын адамға сүйсінеді. 23  Парасатты білгенін жасырады,Надан надандығын паш етеді+. 24  Ынталының қолы билік құратын болады+,Жалқау қол ауыр жұмысқа салынады+. 25  Сарыуайым жүректі күйзелтеді+,Жақсы сөз оны шаттыққа толтырады+. 26  Әділ өзіне жайылым іздейді,Ал зұлымды өз жолы адастырады. 27  Жалқау аулауға ерінер көз алдындағы аңды+,Ал ынталылық — адамның құнды қазынасы. 28  Әділдік жолы өмірге жетелейді+,Бұл жолда өлім кезікпейді.

Сілтемелер

Немесе “жетесіз”.
Немесе “парықсыз”. Сөзбе-сөз “жүрегі жоқ”.