Зәбүр 19:1—14

  • Жаратылыстары мен заңы Құдай жайлы куәлік етеді

    • “Заңғар көк Құдайдың салтанатын жариялайды” (1)

    • Құдайдың кемелді заңы күш дарытады (7)

    • “Білместікпен жасалған күнәлар” (12)

Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры. 19  Заңғар көк Құдайдың салтанатын жариялайды+,Аспан әлемі оның істерін айтып жар салады+.   Күн сайын олар сөз тиегін ағытады,Түн сайын білімге жол ашады.   Бір ауыз сөз айтып, ләм-мим демейді,Үндері де естілмейді.   Сөйтсе де дауыстары* шартарапқа жетеді,Хабарлары жердің шетіне дейін естіледі+. Құдай көкте Күнге арнап шатыр тікті,   Күн шымылдықты ашып шыққан күйеужігіттей,Межелі жеріне жүгіріп бара жатқан батырдай қуанады.   Ол көктің бір шетінен шығып,Екінші шетіне айналып барады+. Оның аптабынан ештеңе де жасырын қалмайды.   Ехобаның заңы кемелді+, қайтадан күш дарытады*+. Ехобаның ескертулері сенімді+, тәжірибесізді дана қылады+.   Ехобаның нұсқаулары әділ, жүректі қуантады+;Ехобаның бұйрықтары таза, көзіңді жайнатады+.   Ехобаның алдындағы қорқыныш+ таза, мәңгіге ұласады. Ехобаның үкімдері шынайы, барынша әділ+. 10  Олар алтыннан да,Көптеген саф алтыннан да артық+;Ара ұясынан таматын балдан да тәтті+. 11  Олар қызметшіңді ескертіп тұрады+,Соларды ұстанған адам зор сый алады+. 12  Өз қателіктерін кім байқар+? Білместікпен жасаған күнәларымды кешіре көр. 13  Қызметшіңді сақтай көр өзімшіл әрекеттерден+,Ондай істер үстем болмасын менен+. Сонда мінсіз боламын+,Сорақы күнәлардан іргемді аулақ саламын. 14  Аузымнан шыққан сөздерім мен жүрек толғанысымӨзіңе ұнамды болғай+, уа, Ехоба, Жартасым+ әрі Азат етушім*+!

Сілтемелер

Мүмкін: “өлшеуіш жібі”.
Немесе “қайтадан жан бітіреді”.
Немесе “Құнымды өтеп алушым”.