Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітапта не делінген?

Киелі кітапта не делінген?

Құдай барлық дұғаға жауап бере ме?

СІЗДІҢШЕ,

  • иә

  • кейбіріне

  • ешқайсысына

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

“Ехоба... өзін шындықта шақыратындардың бәрінің жанында” (Зәбүр 145:18 сілтеме).

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?

  • Құдай өзіне қарсы шыққандардың дұғасын тыңдамайды (Ишая 1:15). Бірақ олар іс-әрекеттерін түзету арқылы Құдаймен араларындағы “мәселелерін ортаға салып”, шеше алады (Ишая 1:18).

  • Құдай бізге жауап беру үшін, дұғамызды Киелі кітапта жазылған талаптарға сай айтуымыз керек (Жоханның 1-хаты 5:14).

Дұғаны белгілі бір қалыпта тұрып айтуымыз керек пе?

КЕЙБІР АДАМДАРДЫҢ ОЙЫНША, дұға еткенде тізерлеп отырып, басты төмен түсіріп, қолды бірге ұстау керек. Ал сіз не ойлайсыз?

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН:

Құдай отырып, тұрып, етпетінен жатып я тізерлеп тұрып сиынғандардың дұғасын тыңдаған (Шежірелер 1-жазба 17:16; Шежірелер 2-жазба 20:5, 6; Езра 10:1; Елшілердің істері 9:40). Демек, Құдай бізден дұға еткенде белгілі бір қалыпта тұруды талап етпейді.

КИЕЛІ КІТАПТА ТАҒЫ НЕ ЖАЗЫЛҒАН?