Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Maremagnum/Corbis Documentary via Getty Images

СЕРГЕК БОЛЫҢДАР!

Армагеддон Израилде бастала ма? Киелі кітапта не делінген?

Армагеддон Израилде бастала ма? Киелі кітапта не делінген?

 Киелі кітапта Армагеддон бір-екі елдің арасында болатын қақтығысты емес, жер бетіндегі барлық үкіметтер мен Құдайдың арасында болатын соғысты білдіреді.

  •    “Бұл хабарлар жындардан келген. Олар... жержүзінің патшаларын Құдіреті шексіз Құдайдың ұлы күні болатын соғысқа жинап әкелуге шықты. Олар патшалардың бәрін еврейше Армагеддон деп аталатын жерге жинады” (Аян 16:14, 16).

 “Армагеддон” еврейше “Мегиддо тауы” дегенді білдіретін “Хар Мегиддон” деген сөзден шыққан. Мегиддо ежелгі Израилдегі қала болған. Сондықтан кейбір адамдар Армагеддон шайқасы Израилде болады деп ойлайды. Бірақ Мегиддо жері де, Таяу Шығыстағы ешқандай жер де Аян кітабында айтылған “жержүзінің патшалары” мен олардың әскерін сыйғыза алмайды.

 Аян кітабы бейнелі тілмен жазылған, ондағы хабар “белгілер” арқылы көрсетілген (Аян 1:1). Яғни Армагеддон деген нақты бір жерді емес, дүниежүзі бойынша болатын оқиғаны білдіреді. Сол кезде жержүзіндегі халықтар жиналып, Құдайдың билігіне соңғы рет қарсы шығады (Аян 19:11—16, 19—21).