Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

52-ӘН

Ехобаға бағышталу

Ехобаға бағышталу

(Еврейлерге 10:7, 9)

  1. 1. Үлкен етіп, уа, Ехоба,

    Жараттың әлемді.

    Аспан мен жер өз еншіңде,

    Саған тиесілі.

    Бастау алды бар тіршілік

    Бір сенің арқаңда,

    Даңқтауға тиіс күллі әлем

    Тек бір өзіңді ғана!

  2. 2. Көктен, асқақ мекеніңнен

    Ұлың жерге келді.

    “Менің емес, сенің еркің

    Орындалсын” деді.

    Судан шыққан Исаны сен

    Рухыңмен майладың,

    Өзіңе шексіз адал Ұлың

    Болды қызметке дайын.

  3. 3. Тұрмыз алдыңда, Ехоба,

    Атыңды мадақтап.

    Бағыштаймыз өзімізді

    Түгел саған арнап.

    Төлемі жалғыз Ұлыңның

    Құнды ғой біз үшін.

    Енді өлсек те, өмір сүрсек,

    Бәрі де тек сен үшін!