ИНДОНЕЗИЯ
Бибелкрин
СОЛТҮСТІК Суматрадағы Тоба көлінің аймағында 1930 жылдардың аяғына таман Бибелкрин (нидерланд тілінде “Киелі кітап зерттеушілер тобы”) деген жаңа діни ағым пайда болды. Бұл былай болған: бір күні бірнеше мектеп мұғалімі бір ізашардан әдебиеттер алады. Бұл ізашар 1936 жылы Тоба көлінің маңына уақытша уағыздап барған Эрик Евинс болса керек. Әдебиеттерді оқығаннан кейін әлгі мұғалімдер батактардың протестант шіркеуінен кетіп, Киелі кітапты үйде зерттейтін топтарды ұйымдастырады. Бұл топтардың саны өсіп, жүздеген адамға жетеді *.
Ізашардан алған әдебиеттердің арқасында ертедегі Бибелкрин мүшелері Киелі кітап шындықтарының кейбірін түсінген. Бұрын осы ағымның мүшесі болған Дэйм Симболон бауырластың (шындыққа 1972 жылы келді) айтуынша, “олар туды дәріптеуден, Рождество мен туған күн тойлаудан бас тартқан. Кейбіреулері тіпті үйден үйге жүріп уағыздаған”. Дегенмен Құдай ұйымының қолдауын көрмегендіктен, бұл ағымның мүшелері өздері шығарған ережелерді ұстанып кетеді. “Әйелдерге боянуға, әшекей тағуға, сәнді киім киюге, тіпті туфли киюге болмайтын. Сондай-ақ ағым мүшелеріне жеке куәлікті алуға тыйым салынатын. Ал бұл өз кезегінде үкімет басындағылардың қитығына тиді”,— дейді Лимерия Надапдап есімді бауырлас. Ол да кезінде осы ағымның мүшесі болған.
Бибелкрин ағымы күндердің күнінде бірнеше оқшау топқа бөлініп, ақыры бытырап кетті. Кейінгі жылдары Тоба көлінің аймағына қайтадан ізашарлар келіп уағыздағанда, бұрын Бибелкрин мүшелері болған көп адам шындықты қабылдады.
^ 1-абзац Кейбір мәліметтерге сай, Бибелкрин ағымының мүшелері бірнеше мыңға дейін жеткен.