Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

13-БӨЛІМ

Құдайға ұнамды болу үшін не істеуіміз керек?

Құдайға ұнамды болу үшін не істеуіміз керек?

Зұлым істерден аулақ болуымыз керек (Қорынттықтарға 1-хат 6:9, 10).

Ехоба Құдайды жақсы көрсек, ол жек көретін нәрселерді істемейміз.

Ехоба адамның ұрлық жасағанын, ішімдікке салынғанын және есірткі қабылдағанын қаламайды.

Сондай-ақ ол адам өлтіруді, түсік жасатуды және гомосексуализмді жек көреді. Ол адамдардың ашкөз болғанын және бір-біріне қол көтергенін де қаламайды.

Біз мүсіндерге сиынбауымыз керек. Бақсы-балгерлікпен де айналыспауымыз қажет.

Жер бетінде жұмақ орнағанда зұлымдық жасайтын бірде бір адам болмайды.

Игі нәрселерді істеу керек (Матай 7:12).

Құдайға еліктеу арқылы оған ұнамды бола аламыз.

Мейірімді де жомарт болуымызбен өзгелерге сүйіспеншілік танытуымыз керек.

Шыншыл болу қажет.

Қайырымды да кешірімді болу керек.

Өзгелерге Ехоба мен оның ниеті жайлы айту керек (Ишая 43:10).