Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

9-САБАҚ

Көрнекі құралдарды дұрыс пайдалану

Көрнекі құралдарды дұрыс пайдалану

Мұсаның 1-жазбасы 15:5

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Маңызды ойлардың ажарын ашу үшін көрнекі құралдарды пайдаланыңыз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Тәліміңізді көркейте түсетін көрнекі құралдарды таңдау. Суреттерді, диаграммаларды, карталарды, уақыт сызбалары мен басқа да көрнекі құралдарды қолданып, болмашы ұсақ-түйектерді емес, маңызды ойларды аша түсіңіз. Тыңдаушылар көрнекі құралды ғана емес, үйреткіңіз келген маңызды ойды да есте сақтасын.

  • Көрнекі құралдарды тыңдаушыларға жақсы көрінетіндей етіп істеу. Мысалы, мінбеден сурет көрсетуді ұйғарсаңыз, суреттің көлемі үлкендеу болуын қамдастырыңыз.