Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

7-САБАҚ

Тура да сенімді мәліметтер

Тура да сенімді мәліметтер

Лұқа 1:3

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушылар дұрыс тұжырымға келу үшін сенімді мәлімет келтіріңіз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Сенуге тұрарлық мәлімет көздеріне жүгіну. Сөзіңізге Құдай Сөзін арқау етіңіз, мүмкін болса, одан тікелей оқып беріңіз. Қандай да бір ғылыми деректі, жаңалықты, оқиғаны я басқа да айғақтарды келтіргіңіз келсе, олардың сенімді екенін әрі ескірген-ескірмегенін алдын ала тексеріңіз.

  • Мәлімет көздерін дұрыс пайдалану. Жазба орнын түсіндіргенде, оның мәнмәтінге, жалпы Киелі кітапта жазылғандарға және “адал да ақылды құлдың” басылымдарына сай келетініне көз жеткізіңіз (Мат. 24:45). Осы дүниелік мәлімет көздеріндегі ойларды да дұрыс пайдаланыңыз: оларды түпнұсқадағы мәнмәтіннен “жұлып” алмаңыз, автордың айтқысы келген ойынан ауытқып кетпеңіз.

  • Мәлімет жөнінде ой жүгіртуге көмектесу. Киелі кітап тармағын оқыған соң я қандай да бір мағлұматты келтірген соң, ізетпен сұрақтар қойыңыз немесе мысал келтіріңіз. Сонда тыңдаушылардың өздері бір тұжырымға келе алады.