Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

25-САБАҚ

Құдай Тағала бізге қандай өмір тілейді?

Құдай Тағала бізге қандай өмір тілейді?

Киелі жазбалар адамның өмірі “қысқа әрі азапқа толы” екенін жоққа шығармайды (Әйүп 14:1). Сонда Алланың бізге тілейтін өмірі осы ма? Әлде оның қалауы басқа ма? Басқа болса, ол қандай өмір? Ол өмір келе ме? Құдай Сөзінде осы сұрақтардың көңілді жұбататын жауабы бар. Қазір соны қарастырайық.

1. Ехоба бізге қандай өмір тілейді?

Ехоба бізге ең ғажап өмірді тілейді. О баста Құдай Адам ата мен Хауа ананы жаратқанда, оларды Едем деген сұлулыққа тұнған жұмақ бағына қоныстандырды. Сосын “Құдай оларға батасын беріп, былай деді: “Өсіп-өніп көбейіңдер, ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар, әрі оны өңдеңдер” (Мұсаның 1-жазбасы 1:28). Иә, Ехоба олардың балалы-шағалы болып, бүкіл жер бетін жұмаққа айналдырып, жан-жануарларға қамқорлық жасағанын қалаған. Құдай барлық адамдардың он екі мүшесі сау болып, мәңгі жасағанын ниет еткен.

Әрине, қазір өмір ондай емес a, бірақ Құдайдың әуел бастағы қалауы өзгерген жоқ (Ишая 46:10, 11). Ол өзіне мойынсұнатын адамдардың тамаша жерде, тамаша жағдайда мәңгі бақи өмір сүргенін әлі де қалайды (Аян 21:3, 4 оқыңыз).

2. Қазірдің өзінде қалай мағыналы өмір кеше аламыз?

Ехоба бізді “рухани мұқтаждықпен” жаратқан, бұл дегеніміз — біздің бойымызда оны танып-білуге және оған ғибадат етуге деген қалау бар (Матай 5:3—6 және сілтемені оқыңыз). Ехоба онымен жақын дос болғанымызды, “оның жолдарымен жүріп, оны сүйгенімізді” және оған “бар жүрегімізбен” қызмет еткенімізді қалайды (Мұсаның 5-жазбасы 10:12; Зәбүр 25:14). Сонда біз қиындығымыз басымыздан асса да, шын бақытты бола аламыз. Ехобаға ғибадат еткенде өміріміздің нағыз мәні кіреді, өйткені біз Ехобаның қалауына сай өмір сүре бастаймыз.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Ехоба бізге жерді дайындағанда, қалай асқан зор махаббатын көрсеткенін және өмірдің мән-мағынасы туралы оның Сөзінде не айтылғанын білейік.

3. Ехоба адамдарға ғажап өмір тілейді

БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Алла Тағала таңғажайып жерімізді не үшін жаратты?

Уағыздаушы 3:11 оқып, сосын келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Бұл жерден Ехоба жайлы не білдіңіз?

4. Ехобаның қалауы өзгерген жоқ

Зәбүр 37:11, 29 бен Ишая 55:11 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехобаның қалауы өзгермегенін қайдан білеміз?

5. Ехобаға ғибадат еткенде өмірімізге мән кіреді

Өмірдің мәнін түсінсек, бақытты боламыз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Өмірдің мәнін түсінгені Терумиге не берді?

Уағыздаушы 12:13 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехобаның бізге жасаған бар жақсылығын қалай өтей аламыз?

БІРЕУ СҰРАСА: “Өмірдің мәні неде?”

  • Не деп жауап берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехоба біздің осы жер бетінде тамаша жағдайда мәңгі бақи өмірдің қызығын көргенімізді қалайды. Оған бар жүрегімізбен ғибадат еткенде, өміріміз тіпті қазір мағыналы болады.

Қайталау

  • Ехоба о баста Адам мен Хауаға қандай өмір тілеген?

  • Құдайдың адамдарға ниет еткен қалауы өзгермегенін қайдан білеміз?

  • Өміріңізді қалай шын мағыналы ете аласыз?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Едем бағының шынымен болғанының дәлелін оқып көріңіз.

“Пейіш қайда болған?” (“Күзет мұнарасы”, 1 қаңтар, 2011)

Жердің мәңгі тұратынына неге сенуге болатынын біліңіз.

“Жер жойылып кете ме?” (jw сайтындағы мақала)

Киелі кітапта өмірдің мәні неде екені айтылған. Соны оқып көріңіз.

“Өмірдің мәні неде?” (jw.org сайтындағы мақала)

Менде бәрі бар деп ойлаған ер адамға не жетпегенін көріңіз.

“Қазір өмірім мәнді де сәнді” (3:55)

a Неге екенін 26-сабақта білесіз.