Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | КИЕЛІ КІТАП — ОҚУҒА ТҰРАРЛЫҚ КІТАП

Киелі кітапты түсіну неге маңызды?

Киелі кітапты түсіну неге маңызды?

“Киелі кітап — көпке танымал діни кітап. Бірақ ол өзге елдің кітабы болғандықтан, қытайлар Киелі кітаптың бізге қатысы жоқ деп ойлайды” (ЛИН, ҚЫТАЙ).

“Мен тіпті өзім ұстанатын индуизмнің қасиетті жазбаларын түсінбеймін. Олай болса, Киелі кітапты қалай түсінейін?” (АМИТ, ҮНДІСТАН).

“Киелі кітапқа көне кітап ретінде құрметпен қараймын. Естуімше, ол — ең көп сұранысқа ие кітап. Бірақ, өз басым, оны ешқашан қолыма ұстап көрмеппін” (ЮМИКО, ЖАПОНИЯ).

Дүниежүзі бойынша адамдардың көбісі Киелі кітапты құрметтейді. Десе де көп адам онда не жазылғанынан мүлдем бейхабар, не аз-маз естігендері бар. Азия елдерінің миллиондаған халқы мен Киелі кітап кеңінен тараған елдердің тұрғындары туралы да осылай деуге болады.

Алайда сіз: “Киелі кітапты білгеннен не пайда?”— деп сұрарсыз. Бұл қасиетті кітаптың сырын ашатын болсаңыз:

  • Қанағат тауып, бақытты боласыз

  • Отбасындағы қиындықтарды шешуді үйренесіз

  • Уайымға салынбайсыз

  • Өзгелермен жақсы қарым-қатынаста боласыз

  • Ақшаны даналықпен жұмсайсыз

Мысалы, Жапонияда тұратын Йошиконы алайық. Ол Киелі кітапта не жазылғанын білгісі келіп, оны оқып шығуға мақсат қояды. Нәтижесі қандай болды? Йошико былай дейді: “Киелі кітап маған өмірдің мәнін табуға және болашаққа үмітпен қарауға көмектесті. Енді жаным жай тапты”. Жоғарыда пікірі жазылған Амит те Киелі кітапты зерттеуді шешеді. “Мен қатты таңғалдым. Киелі кітапта әрбір адамға пайдалы болатын мәлімет бар екен”,— дейді ол.

Киелі кітап миллиондаған адамның өмірін жақсы жаққа өзгертуге көмектесті. Біз сізді де Киелі кітапты оқып, оның жеке сізге әкелер пайдасын көруге шақырамыз!