Мазмұнға өту

Құдай бар ма?

Құдай бар ма?

Киелі кітаптың жауабы

 Иә, Киелі кітапта Құдайдың бар екенін растайтын нақты дәлелдер бар. Киелі кітап бізді діни ілімдерге ойланбай сене салуға емес, “санамыз” бен “ақыл-ойымызды іске қосып”, сенім дамытуға шақырады (Римдіктерге 12:1; Жоханның 1-хаты 5:20). Келесі жайттар туралы ойланып көріңіз:

  •   Тәртіпке бағынатын ғалам мен тіршілікке толы Жер шарымыз Жаратушының бар екеніне нұсқайды. Киелі кітапта былай делінген: “Әрине, әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің Жаратушысы — Құдай” (Еврейлерге 3:4). Қисыны қарапайым бұл сөздермен көптеген білімді адамдар толық келіседі a.

  •   Адам баласы дүниеге не үшін келгенін және өмірдің мәнін білгісі келеді. Тәндік қажеттілігін қанағаттандырса да, бұл қалау қала береді. Киелі кітапта ол “рухани мұқтаждық” деп аталады және Құдайды танып-білу мен оған ғибадат етуге деген қалауды білдіреді (Матай 5:3 сілтеме; Аян 4:11). Рухани мұқтаждығымыздың болғаны Құдайдың бар екенін ғана емес, оның мейірімді Жаратушы екенін әрі осы мұқтаждығымызды қанағаттандырғанымызды қалайтынын дәлелдейді (Матай 4:4).

  •   Киелі кітапта көптеген пайғамбарлық сөздер бар. Олар ғасырлар бұрын жазылса да, бүге-шүгесіне дейін орындалды. Алдын ала жазылған бұл сөздердің адамнан жоғары тұрған біреуден келгені шүбәсіз (Петірдің 2-хаты 1:21).

  •   Киелі кітапты жазуға қатысқан адамдар өздерінің замандастары білмеген ғылыми мәліметтерді білген. Мысалы, ежелде адамдар Жерді піл, доңыз немесе бұқа сияқты жануарлар көтеріп тұр деп сенген. Ал Киелі кітапта Құдайдың “Жерді ештеңесіз іліп қойғаны” жазылған (Әйүп 26:7). Сондай-ақ Киелі кітапта Жердің пішіні шар тәрізді екені нақты айтылған (Ишая 40:22). Көп адамның ойынша ешкім білмеген мұндай мәліметтерді Киелі кітап жазушылары Құдайдан алған.

  •   Көп адам сұрақтарына қанағаттандырарлық жауап таба алмағандықтан, Құдайға сенуден қалған. Бірақ Киелі кітапта әртүрлі күрделі сұрақтардың жауаптары бар. Мысалы, Киелі кітап “Егер Құдай мейірімді әрі құдіретті болса, онда неге дүниеде зұлымдық пен қайғы-қасірет көп? Неге дін адамдарды жақсы іске емес, жаман істерге итермелейді?” деген сияқты сұрақтарға жауап береді (Титке 1:16).

a Мысалы, танымал астроном Аллан Сендидж бірде ғалам туралы былай деген еді: “Мен әлемдегі осындай үйлесімділіктің тәртіпсіздіктен пайда болуы мүмкін емес деп түсінемін. Жинақылық пен тәртіптің қандай да бір бастауы болу керек. Құдай мен үшін құпия, бірақ ғажайып жаратылыс соның арқасында пайда болды деп түсінемін. Әйтпесе, мүлдем жоқ нәрселер қалай өздігінен пайда болады?”