Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

JW LIBRARY

Киелі кітаптан не басылымнан іздеу функциясы. Андроид

Киелі кітаптан не басылымнан іздеу функциясы. Андроид

JW Library қосымшасындағы іздеу функциясының арқасында Киелі кітаптан не қандай да бір басылымнан бір сөзді я тіркесті таба аласыз.

Іздеу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз:

 Киелі кітаптан іздеу

Киелі кітапты оқып жатып, одан бір сөзді я тіркесті таба аласыз.

Киелі кітапты оқу барысында, Іздеу түймесін басыңыз. Сосын тапқыңыз келген сөзді теріңіз. Әріптерді теріп жатқанда, ұсыныстарды көресіз. Іздеу нәтижесін көру үшін сол ұсыныстардың бірін нұқыңыз не пернетақтаңыздағы Өту батырмасын басыңыз.

Жиі кездесетін тармақтар деген жерде сіздің сөзіңіз кездесетін жиі қолданыстағы тармақтар тізімі келтіріледі. Ал Барлық тармақтар деген жерінде сіз іздеген сөз кездесетін тармақтардың бәрі Киелі кітап мазмұнындағы реті бойынша тізіліп тұрады. Мақалалар деген жерде сіз іздеген сөз Киелі кітаппен таныстыру сабақтарында және қосымшалардың қайсысында кездесетіні көрсетіледі.

Егер бірнеше сөзді терген болсаңыз, Дәл осы тіркес деген жерді түртіңіз. Сонда сіз терген тіркес кездесетін тармақтар мен мақалалар ғана шығады.

 Басылымнан іздеу

Қандай да бір басылымды оқып жатып, одан бір сөзді я тіркесті таба аласыз.

Сіз оқып жатқан басылымнан да қандай да бір сөзді не тіркесті іздей аласыз. Басылымды оқу барысында Іздеу түймесін басыңыз. Сосын тапқыңыз келген сөзді теріңіз. Әріптерді теріп жатқанда, ұсыныстарды көресіз. Іздеу нәтижесін көру үшін сол ұсыныстардың бірін нұқыңыз не пернетақтаңыздағы Өту батырмасын басыңыз.

Егер бірнеше сөзді терген болсаңыз, Дәл осы тіркес деген жерді түртіңіз. Сонда сіз терген тіркес кездесетін тармақтар мен мақалалар ғана шығады.

 Нақты бір тақырыпты іздеу

Егер “Киелі жазбаларды түсіну” басылымын жүктеп алған болсаңыз, ондағы бір тақырыпты іздеп таба аласыз. Мұны қосымшадағы кез келген Киелі кітапты не басылымды оқып жатып істеуге болады.

Іздеу түймесін басыңыз. Сосын тапқыңыз келген тақырыпты теріңіз. Әріптерді теріп жатқанда, ұсыныстардың арасында “Киелі жазбаларды түсіну” басылымындағы тақырыптарды да көресіз. Керекті мақаланы ашу үшін сол тақырыптардың бірін нұқыңыз.

Бұл мүмкіндіктер 2014 жылдың қазанында JW Library 1.3.4 нұсқасында шыққан. Бұл нұсқасы Android 2.3-пен және одан кейінгілерімен үйлеседі. Егер сізде бұл мүмкіндіктер жоқ болса, “JW Library қосымшасын қолданыңыз. Андроид” мақаласындағы “Соңғы мүмкіндіктерін қолданыңыз” деген тақырыпшадағы нұсқауларды орындаңыз.