Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚЫЗМЕТІМІЗДІҢ САПАСЫН АРТТЫРАЙЫҚ | ҚЫЗМЕТТЕГІ ҚУАНЫШЫҢЫЗ АРТСЫН

Ізденіс құралдарын қолданыңыз

Ізденіс құралдарын қолданыңыз

Ехоба шебер тәлім беруді үйренуіміз үшін бізді қажетті құралдармен жабдықтайды. Олар: видеолар, буклеттер, журналдар, кітапшалар, кітаптар және ең басты құралымыз — Киелі кітап (Т2х 3:16). Сондай-ақ ол бізге Жазбаларды түсіндіруге көмектесетін ізденіс құралдарын берген. Олар: “Күзет мұнарасының кітапханасы”, “JW Library®” қосымшасы, “Күзет мұнарасының онлайн кітапханасы”, “Ехоба куәгерлерінің ізденіс құралы”.

Осындай ағыл-тегіл құралдардың пайдасын көріп, Киелі кітапты тереңінен қазғанда, қуаныш сезінесіз. Зерттеушілеріңізге де соларды пайдалануды үйретіңіз. Сонда олар да өз сұрақтарына Киелі кітаптан өздері жауап тауып, қуанышқа кенеледі.

ШӘКІРТ ДАЙЫНДАУДЫҢ ҚУАНЫШЫНА КЕНЕЛІҢІЗ: ЕХОБАНЫҢ КӨМЕГІН ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗ. ІЗДЕНІС ҚҰРАЛДАРЫ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:

  • Лара жаратылысқа қатысты қандай қарсы пікір айтты?

  • Осы тақырыппен байланысты мәліметті Нита қайдан іздеді?

  • Рухани асыл тастарды іздеп, өзгелермен бөлісу қуаныш сыйлайды

    Лараға ең керекті мәліметті ол қалай таңдады?

  • Ізденіс құралдарын пайдаланғаны Нитаға қалай әсер етті?