Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

73-ӘН

Батылдық дарыта көр

Батылдық дарыта көр

(Елшілердің істері 4:29)

  1. 1. Патшалық жайлы хабарды

    Айтамыз бар халыққа.

    Уағызда көп кезіксек те,

    Қарсылық пен қорлыққа.

    Бой алдырмай үрейге,

    Сенім артамыз өзіңе.

    Рухыңды беріп, нығайта көр,

    Уа, Ехоба, қамқор Әке!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Уағыздауға бел байладық,

    Дарыта көр батылдық.

    Халықтарға жеткізейік,

    Орнады деп Патшалық.

    Сот күнің қол созым жерде,

    Уағыздаймыз шұғыл түрде.

    Жолдаймыз бұл дұғамызды бір өзіңе.

  2. 2. Топырақпыз, содан болар,

    Қорқыныш бойды алар.

    “Күш беріп, қолдаймын” деген

    Сөздерің демеу болар.

    Халқыңа күйе жағып,

    Біреулер жүр беттен қағып.

    Тыя көр жалған айыптарын,

    Оларға назар аударып.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Уағыздауға бел байладық,

    Дарыта көр батылдық.

    Халықтарға жеткізейік,

    Орнады деп Патшалық.

    Сот күнің қол созым жерде,

    Уағыздаймыз шұғыл түрде.

    Жолдаймыз бұл дұғамызды бір өзіңе.