Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

69-ӘН

Патшалықтың қызметшілері, алға!

Патшалықтың қызметшілері, алға!

(Тімөтеге 2-хат 4:5)

  1. 1. Жар сал хабарды, кәне, алға,

    Патшалықтың ек дәнін!

    Шақыр шындыққа, әділ жолға

    Момын адамның бәрін.

    Қандай мәртебе қызмет етіп,

    Сөзін жеткізсек Құдайдың!

    Атын бәріне паш етеміз,

    Барып үйіне талайдың.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Кәне, ізгі хабарды айтайық әрбір халыққа,

    Құдайға шексіз адал болайық барлық уақытта.

  2. 2. Тамтық және де қойлар басқа

    Келе жатыр бірігіп.

    Қарттар, жастар бар арасында,

    Бәрі жүр үлес қосып.

    Білсін күллі жұрт жер бетінде

    Құдай еркі орнайтынын.

    Батыл, сескенбей уағыздайық,

    Құдай созды көмек қолын.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Кәне, ізгі хабарды айтайық әрбір халыққа,

    Құдайға шексіз адал болайық барлық уақытта.