Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

22-ӘН

Құдай Патшалығы келсін!

Құдай Патшалығы келсін!

(Аян 11:15; 12:10)

  1. 1. Ехоба, жалғыз сен ғана

    Мәңгі бар Құдайсың.

    Таққа отырған Ұлыңның

    Билігін қолдайсың.

    Патшалық орнады көкте,

    Жүргізбек билігін жерге.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Аян етіп күшін

    Құдай құтқармақ өз халқын.

    “Келсін, келсін!” дейміз

    Патшалығы Ехобаның.

  2. 2. Шайтан бүгінде ашулы,

    Төкті кәрін жерге.

    Назар тігейік берік боп,

    Мәңгілік өмірге.

    Патшалық орнады көкте,

    Жүргізбек билігін жерге.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Аян етіп күшін

    Құдай құтқармақ өз халқын.

    “Келсін, келсін!” дейміз

    Патшалығы Ехобаның.

  3. 3. Көкте зор үнмен ән салды

    Сансыз періштелер.

    Аспан тазарып Зұлымнан,

    Келді шаттық күндер.

    Патшалық орнады көкте,

    Жүргізбек билігін жерге.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Аян етіп күшін

    Құдай құтқармақ өз халқын.

    “Келсін, келсін!” дейміз

    Патшалығы Ехобаның.