Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

115-ӘН

Құдайдың шыдамдылығына алғыс айтайық

Құдайдың шыдамдылығына алғыс айтайық

(Петірдің 2-хаты 3:15)

  1. 1. Жалғыз сенсің әділ Төреміз,

    Құдіреті зор Иеміз.

    Зұлымдық көп жер бетінде,

    Әкеледі қайғы күнде.

    Еш кешікпес ұлы сот күнің,

    Шексіз емес сенің төзімің.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ал біз алға көз тігеміз,

    Алғыс айтып, ұлы Төреміз.

  2. 2. Мың жыл саған бір күндей болар,

    Көз алдыңда зулап ұшар.

    Келді таяп жеңіс күнің,

    Өшіреді зұлым үнін.

    Ешбір күнәні жақтырмайсың,

    Өкінгенді бірақ ақтайсың.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ал біз алға көз тігеміз,

    Алғыс айтып, ұлы Төреміз.