Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

108-ӘН

Құдайдың айнымас сүйіспеншілігі

Құдайдың айнымас сүйіспеншілігі

(Ишая 55:1—3)

  1. 1. Әкеміз — бір өзі

    Сүюдің үздік үлгісі!

    Сезімі айнымас оның,

    Біз үшін қиды өз Ұлын.

    Үміт бар енді біздерде

    Мәңгілік өмір сүруге!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Келіңдер, сусағандар!

    Өмір суын алыңдар.

    Саялап Әкемізді,

    Мол бақыт табыңдар!

  2. 2. Құдайдың әр ісі —

    Сүюдің үздік үлгісі!

    Көк Патшалығын ол құрды,

    Ұлына зор билік берді.

    Ой-ниеті іске асып,

    Келеміз қуаныш тасып!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Келіңдер, сусағандар!

    Өмір суын алыңдар.

    Саялап Әкемізді,

    Мол бақыт табыңдар!

  3. 3. Рухымен киелі

    Сүюге Құдай үндейді.

    Момынның ойлаймыз қамын,

    Көрсетіп шын өмір жолын.

    Бір Құдайдан ғана қорқып,

    Сөзін жүрміз батыл айтып.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Келіңдер, сусағандар!

    Өмір суын алыңдар.

    Саялап Әкемізді,

    Мол бақыт табыңдар!