Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2015 жылдық тармақ

“Ехобаға алғыс айтыңдар, өйткені ол ізгі” (Зәбүр 106:1).

2015 жылдық тармақ

Исраилдіктер перғауын мен оның әскерінің қолынан азат болғанда, Ехобаға шексіз алғыс айтқандары даусыз. Бізде де Ехобаға алғыс айтуға себеп жетіп артылады. Қиын жағдайларға тап болғанда, ұнжырғамыздың түсіп кететіні рас. Алайда ие болған баталарымыз жайлы ойланғанымыз бізге жұбаныш пен жігер береді.

Баға жетпес баталарымыздың бірі — жанымызға жара салып, қайғы әкелетін қиындықтардан азат болуға деген берік үмітіміз. Басымызға қандай қиындық төнбесін, Ехобаның бізді ешқашан қалдырмайтынын білеміз. Сүйіспеншілікке толы Бағушымыз Ехоба біздің адал қызмет етуіміз үшін бар жағдайды жасап отыр. Ол үнемі “біздің панамыз әрі күшіміз, қиын кезде жанымыздан табылар көмекшіміз” болады (Зәб. 46:1). Осы баталар жайлы ұмытпасақ, тіпті қабырғамызды қайыстыратын қасіретке де төтеп беретін боламыз. Келе жатқан жаңа жылда осы баталарды ойда тұтып, “Ехобаға алғыс айтайық, өйткені ол ізгі, айнымас сүйіспеншілігі мәңгі” (Зәб. 106:1).