Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сол жақта: Бауырлас уағыздағаны үшін қамауға алынып жатыр (Эйндховен, Нидерланд, 1945 жыл); Оң жақта: Сіздің еліңізде уағыз ісі заңдастырылған ба?

4-БӨЛІМ

Патшалықтың жеңістері. Ізгі хабарды заңдастыру

Патшалықтың жеңістері. Ізгі хабарды заңдастыру

ҚЫЗМЕТТЕС серігіңізбен үйме-үй уағыздап жүріп, полиция көлігінің талықсып жеткен дабылын естисіз. Дыбыс барған сайын үдей түседі. Сіздер келесі үйдің иесімен сөйлесіп жатқанда, көлік қастарыңызға келіп тоқтайды. Полиция қызметкері көліктен түсіп, жақындайды да: “Үй-үйді аралап, уағыздап жүрген сіздер ме? Бізге шағым түсті!”— дейді. Сіздер не істеп жүргендеріңізді ілтипатпен түсіндіресіздер. Ал әрі қарай не болады?

Оқиғаның қалай өрбитіні көп жағдайда еліңіздегі Ехоба куәгерлерінің тарихына байланысты. Үкімет оларға қалай қарайды? Еліңізде діни бостандық бар ма? Бар болса, ізгі хабарды қорғау мен заңдастыру жолында бауырластар ондаған жыл бойы көп тер төксе керек (Філіп. 1:7). Еліңіздегі жағдай қандай болмасын, Ехоба куәгерлерінің соттағы жеңістері туралы ойланғаныңыз сеніміңізді нығайтады. Осы бөлімде сондай айтулы сот істерінің біразын қарастырамыз. Біз өздігімізден мұндай жеңістерге жете алмас едік. Сондықтан бұл — Құдай Патшалығының шынайы екенінің бұлтартпас дәлелі!

БҰЛ САНАТТА

13-ТАРАУ

Ізгі хабарды таратушылардың соттарға жүгінуі

Бүгінде кейбір судьялар бірінші ғасырда өмір сүрген Заң мұғалімі Гамалиелдікіндей көзқарас ұстанады.

14-ТАРАУ

Құдайдың үкіметіне ғана адалмыз

Ехоба куәгерлері саяси істерде бейтарап болғаны үшін “өзен іспетті” қуғын-сүргінге ұшырады, бірақ күтпеген жерден көмек келіп, оны “жұтып қойды”.

15-ТАРАУ

Ғибадат ету бостандығы үшін күрес

Ехоба куәгерлері Құдай заңына сай өмір сүру үшін өз құқықтарын қорғайды