Иса пайғамбар — жол, шындық, өмір

Бұл кітаптан Иса пайғамбардың Киелі кітапта жазылған өмірі жайлы біле аласыз.

КІРІСПЕ

Жол, шындық, өмір

Інжілде жазылған Исаның тәлімдері мен үлгісі сіздің өміріңізді жақсы жаққа өзгерте алады.

1-ТАРАУ

Құдайдан келген екі хабар

Жәбірейіл періште адам сенгісіз екі хабар жеткізді.

2-ТАРАУ

Исаға туылмай тұрып құрмет көрсетілді

Елізабет пен құрсағындағы нәресте туылмаған Исаға қалай құрмет көрсетті?

3-ТАРАУ

Жол дайындаушы туылды

Зәкәрияға керемет түрде қайта тіл біткенде, ол маңызды пайғамбарлық айтты.

4-ТАРАУ

Тұрмысқа шықпаған Мәриям жүкті

Жүсіп Мәриямның басқа біреуден емес, киелі рухтың құдіретімен жүкті болғанына сенді ме?

5-ТАРАУ

Иса қашан және қай жерде туылды?

Исаның 25-інші желтоқсанда туылмағанын қайдан білеміз?

6-ТАРАУ

Уәде етілген нәресте

Жүсіп пен Мәриям нәресте Исаны ғибадатханаға әкелгенде, екі қарт кісі оның болашағы жайлы пайғамбарлық айтты.

7-ТАРАУ

Исаға жұлдызжорамалшылар келді

Неге “жұлдыз” жұлдызжорамалшыларды бірден Исаға емес, қатыгез патша Иродқа әкелді?

8-ТАРАУ

Олар зұлым билеушіден қашты

Мәсіхке қатысты үш пайғамбарлық Исаның балалық шағында орындалды.

9-ТАРАУ

Иса Назаретте ержетті

Исаның қанша іні-қарындасы болды?

10-ТАРАУ

Исаның отбасы Иерусалимге сапар шекті

Жүсіп пен Мәриям Исаны таба алмай абыржығанда, Иса олардың өзін қайдан іздеу керектігін білмегеніне таңғалды.

11-ТАРАУ

Жақия жол дайындады

Кейбір парызшылдар мен саддукейлер келгенде, Жақия оларды айыптады. Неге?

12-ТАРАУ

Иса шомылдыру рәсімінен өтті

Иса еш күнә жасамаса да, неге шомылдыру рәсімінен өтті?

13-ТАРАУ

Иса сынаққа төтеп беріп, үлгі көрсетті

Исаның кезіккен сынақтары Ібіліс жайлы екі шындықты ашады.

14-ТАРАУ

Иса шәкірт жинай бастады

Исаның алты шәкірті Мәсіхті тапқандарына қалай сенімді болды?

15-ТАРАУ

Алғашқы кереметін жасады

Иса анасына бұдан бұлай көктегі Әкесінің нұсқауын орындайтынын білдірді.

16-ТАРАУ

Шынайы ғибадат үшін құлшыныс танытты

Құдай Заңы құрбандыққа шалатын малды Иерусалимнен сатып алуға рұқсат берген болса, Иса неге ғибадатханадағы саудагерлерге ашуланды?

17-ТАРАУ

Иса Нікөдемге тәлім берді

“Қайта туылу” деген нені білдіреді?

18-ТАРАУ

Иса жоғарылады, ал Жақия төмендеді

Жақияның шәкірттері қызғаныш сезінді, ал Жақияның өзі Иса үшін қуанды.

19-ТАРАУ

Иса самариялық әйелге тәлім берді

Иса самариялық әйелге ешкімге айтпаған шындықты ашты.

20-ТАРАУ

Қана қаласындағы екінші керемет

Иса 26 шақырым жердегі баланы сауықтырды.

21-ТАРАУ

Иса Назареттегі мәжілісханада

Жерлестері Исаны қандай сөзі үшін өлтірмек болды?

22-ТАРАУ

Төрт шәкірті адам аулайтын болады

Иса оларды балық аулаудан басқа іске шақырды.

23-ТАРАУ

Иса Қапарнаумда көп керемет жасады

Иса жындарды қуып шығарғанда, оларға өзінің Құдай Ұлы екенін айтуға тыйым салды. Неге?

24-ТАРАУ

Қызмет аясын Ғалилеяда кеңейтті

Адамдар Исаға ауруларынан сауығу үшін келді, алайда Иса оларға қызметінің бұдан да зор мақсаты бар екенін түсіндірді.

25-ТАРАУ

Алапес адамға жанашырлық танытты

Иса күлімдеп тұрып айтқан пәрменді сөзімен сауықтырғалы жатқан адамның қамын шынымен ойлайтынын көрсетті.

26-ТАРАУ

“Күнәларың кешірілді”

Иса күнә мен аурудың арасындағы қандай байланысты көрсетті?

27-ТАРАУ

Иса Матайды шақырды

Иса неге жаманатты күнәкарлармен ас ішті?

28-ТАРАУ

Исаның шәкірттері неге ораза ұстамады?

Иса жауап беру үшін шарап құятын месті мысалға келтірді.

29-ТАРАУ

Демалыс күні жақсылық жасауға бола ма?

Иса 38 жыл бойы ауырған адамды сауықтырғанда, яһудилер неге оны қудалады?

30-ТАРАУ

Исаның Әкесімен қарым-қатынасы

Яһудилер Иса өзін Құдаймен теңестірді деп ойлады, бірақ Иса Құдайдың өзінен әлдеқайда жоғары екенін анық етіп айтты.

31-ТАРАУ

Демалыс күні масақ үзді

Не себепті Иса өзін “Демалыс күнінің Иесі” деді?

32-ТАРАУ

Демалыс күні не істеуге болады?

Әдетте бір-біріне қарсы болған саддукейлер мен парызшылдар ортақ іс үшін бас қосты.

33-ТАРАУ

Ишаяның пайғамбарлығы орындалды

Неге Иса сауықтырған адамдарына өзінің кім екені және не істегені жайлы басқаларға айтуға тыйым салды?

34-ТАРАУ

Иса он екі елшісін таңдады

Елші мен шәкірттің айырмашылығы қандай?

35-ТАРАУ

Исаның таудағы әйгілі уағызы

Исаның уағызындағы басты ойлардың түсіндірмесімен танысыңыз.

36-ТАРАУ

Жүзбасы зор сенім танытты

Жүзбасы Исаны қалай таңғалдырды?

37-ТАРАУ

Иса жесір әйелдің ұлын тірілтті

Кереметті көргендер оның мәнін түсінді.

38-ТАРАУ

Жақия Исаның өз аузынан естігісі келді

Неге Жақия Исадан “Мәсіхсің бе?” деп сұрады? Жақияда күмән болды ма?

39-ТАРАУ

Ықылассыз ұрпақ қасіретке қалады

Иса сот күні қызметінің негізгі жері болған Қапарнаумның жазасынан гөрі Содомның жазасы жеңілірек болатынын айтты.

40-ТАРАУ

Кешірімді болуға үйретті

Жезөкше болған әйелдің күнәсін кешіруімен Иса Құдай Заңын бұзуға болады дегісі келді ме?

41-ТАРАУ

Кереметтер кімнің құдіретімен жасалды?

Інілері Исаны есі ауысқан деп ойлады.

42-ТАРАУ

Иса парызшылдарға қатаң сөгіс айтты

“Жүніс пайғамбардың белгісі” деген не?

43-ТАРАУ

Патшалыққа қатысты мысалдар

Иса Көк Патшалығына қатысты жайттарды түсіндіру үшін сегіз мысал келтірді.

44-ТАРАУ

Иса теңіздегі дауылды басты

Иса жел мен толқынды басып, Патшалықтың қол астындағы өмірдің қандай болатынын түсінуге көмектесті.

45-ТАРАУ

Адамның бойынан көп жынды қуды

Адамның бойын көп жын билеуі мүмкін бе?

46-ТАРАУ

Исаның етегіне қолын тигізіп сауықты

Әйелмен болған оқиғада Иса жанашырлық танытып, құдіретін көрсетті.

47-ТАРАУ

Қыз өмірге оралды!

Иса қыздың өлмегенін, оның жай ұйықтап жатқанын айтқанда, адамдар оған күле бастады. Иса олар білмейтін нені білді?

48-ТАРАУ

Кереметтер жасаған Исаны тіпті Назаретте мойындамады

Назареттіктер Исаны тәлімі мен кереметтеріне бола емес, басқа себеппен мойындамады.

49-ТАРАУ

Ғалилеяда уағыздады және елшілерін үйретті

Қай мағынада “Көк Патшалығы таяп қалды”?

50-ТАРАУ

Қуғын кезіндегі уағызға дайындады

Елшілер өлімнен қорықпаса да, неге Иса оларға қуғын кезінде қашу керек деді?

51-ТАРАУ

Туылған күн мерекесінде кісі өлтірілді

Саломидің биі Иродқа қатты ұнап, ол қыздың сұрағанын беруге ант етті. Сонда қыз қандай сұмдық нәрсе сұрады?

52-ТАРАУ

Бес нан және екі балықпен мыңдаған адамды тойдырды

Исаның бұл кереметінің маңызды болғаны сонша, ол Ізгі хабардың төртеуінде де жазылған.

53-ТАРАУ

Табиғаттың дүлей күшін бағындыра алатын билеуші

Иса су бетімен жүріп, дауылды басқанда, елшілер бұдан қандай сабақ алды?

54-ТАРАУ

Иса — “өмір беретін нан”

Алыстан іздеп келген адамдарды Иса неге жазғырды?

55-ТАРАУ

Исаның сөзі көпшілікке түрпідей тиеді

Исаның айтқандары көп шәкірттің көңіліне тиіп, олар оны тастап кетті.

56-ТАРАУ

Адамды шын мәнінде арамдайтын не?

Адамды арамдайтын не: аузына енетін нәрсе ме, әлде аузынан шығатын нәрсе ме?

57-ТАРАУ

Иса қызды және саңырау кісіні сауықтырды

Иса әйелдің ұлттастарын күшіктерге теңегенде, ол неге ренжімеді?

58-ТАРАУ

Нанды көбейтті және ашытқыдан сақтандырды

Исаның шәкірттері ашытқы туралы сөзді түсінді.

59-ТАРАУ

Адам Ұлы деген кім?

Патшалықтың кілттері қандай? Оларды кім қолданады және қалай?

60-ТАРАУ

Исаның ұлылығының көрінісі

Шәкірттер қандай көріністі көрді? Оның мәні қандай еді?

61-ТАРАУ

Иса бойын жын билеген баланы сауықтырды

Баланы сауықтыруға кімге сенім жетіспеді: балаға ма, әкеге ме, әлде шәкірттерге ме?

62-ТАРАУ

Иса кішіпейілділікке үйретті

Ересек адамдар балалардан неге үйрене алады.

63-ТАРАУ

Сүріндіру мен күнәға қатысты ескерту берді

Иса күрделі мәселені шешудің үш қадамын көрсетті.

64-ТАРАУ

Кешірімді болу қажет

Иса рақымсыз құлдың мысалымен басқаларды кешірмейтін адамға Құдайдың қалай қарайтынын көрсетті.

65-ТАРАУ

Иса Иерусалимге барар жолда тәлім берді

Иса үш адаммен әңгімелесіп, ізбасары болуға кедергі жасайтын көзқарастарды көрсетті.

66-ТАРАУ

Иерусалимдегі Күркелер мейрамында

Исаны тыңдап тұрғандар неге оның бойында жын бар деп есептеді?

67-ТАРАУ

“Ешкім ол сияқты сөйлеген емес”

Яһудилердің жоғарғы кеңесі Исаға қарсы болғанымен, оның бір мүшесі оны жақтап сөйледі.

68-ТАРАУ

Құдай Ұлы — “дүние үшін жарық”

Иса “шындық азат етеді” деді. Неден?

69-ТАРАУ

Олардың әкесі Ыбырайым ба, Ібіліс пе?

Иса Ыбырайымның балаларын қалай анықтауға болатыны және Әкесінің кім екені жайлы сөйледі

70-ТАРАУ

Туылғаннан зағип кісіні сауықтырды

Шәкірттер адамның неге зағип болып туылғанын сұрады. Бұған өз кінәсі себеп болды ма, әлде әке-шешесінікі ме? Иса оны сауықтырғанда, жұрттың көзқарасы жікке бөлінді.

71-ТАРАУ

Парызшылдар зағип болған кісімен текетіресті

Сауыққан кісінің қисыны парызшылдарды ашуландырды. Әке-шешесінің қорыққаны келіп, парызшылдар ұлын мәжілісханадан қуды.

72-ТАРАУ

Иса 70 шәкіртін уағыздауға жіберді

Иса 70 шәкіртін Патшалық жайлы уағыздауға екі-екіден жіберді. Олар қайда барды: мәжілісханаларға ма, әлде жеке үйлерге ме?

73-ТАРАУ

Нағыз сүйіспеншілік танытқан самариялық кісі

Қайырымды самариялық туралы астарлы әңгімені қолданып, Иса қандай маңызды шындықты түсіндірді?

74-ТАРАУ

Қонақжайлылық пен дұғаға қатысты тәлім

Иса Марта мен Мәриямның үйінде қонақта болғанда, қонақжайлылыққа қатысты не түсіндірді? Шәкірттеріне дұғаға қатысты не үйретті?

75-ТАРАУ

Шынайы бақыттың қайнар көзі

Иса қарсыластырына Құдайдың құдіреті мен Құдай Патшалығының оларға да жеткені жайлы айтты. Сондай-ақ адамды шынымен ненің бақытты ететінін түсіндірді.

76-ТАРАУ

Парызшылдармен қонақасында

Иса парызшылдар мен дін мұғалімдерді әшкереледі. Олар адамдарға қандай ауыр жүк артты?

77-ТАРАУ

Байлық жинауға қатысты ескерту

Иса үлкендеу қамбалар салған бай кісі туралы астарлы әңгіме айтты. Байлыққа ұмтылудың қауіптілігіне қатысты тәлімді қайталады?

78-ТАРАУ

Адал басқарушы, дайын бол!

Иса шәкірттерінің рухани қамын ойлатынын көрсетті. Үй басқарушыға қандай іс тапсырды? Сергек болу неге маңызды?

79-ТАРАУ

Яһуди халқына төнген апаттың себебі

Иса күнәсіна өкінбегендер құрып кететінін айтып ескертті. Олар Құдаймен қарым-қатынастарына қатысты айтылған кеңесті ұғынды ма?

80-ТАРАУ

Ізгі бағушы және қой қора

Бағушы мен қойлар жайлы мысал Исаның шәкірттеріне қалай қарайтынын жақсы суреттейді. Олар Исаның даусын анықтап, оған ере ме?

81-ТАРАУ

Иса Әкесімен бірлікте, бірақ ол Құдай емес

Исаның кейбір қарсыластары өзін Құдайға теңеді деп жала жапты. Бірақ ол жалған айыпты қалай жоққа шығарды?

82-ТАРАУ

Исаның Переядағы уағызы

Иса тыңдаушыларына құтқарылу үшін не істеу керектігін түсіндірді. Оның кеңесі сол кезде өте маңызды еді. Бүгінгі күнде ше?

83-ТАРАУ

Қонақасына шақырылғандар

Парызшылдың үйінде отырғанда, Иса үлкен қонақасына шақыру жайлы мысал келтіріп, Құдай халқына бір маңызды ескерту айтты. Ол қандай ескерту?

84-ТАРАУ

Шәкірт болу шешімінің маңыздылығы

Исаның шәкірті болу адамға үлкен жауапкершілік жүктейді. Иса шәкірт болудың нені білдіретінін ашық айтты.

85-ТАРАУ

Күнәсіна өкінгендер үшін қуану

Парызшылдар мен дін мұғалімдер Исаның қарапайым адамдармен араласқанын жақтырмады. Иса оларға Құдайдың күнәкарларға қалай қарайтынын мысал арқылы түсіндірді.

86-ТАРАУ

Адасқан ұлдың оралуы

Адасқан ұл жайлы астарлы әңгімеден қандай сабақ аламыз?

87-ТАРАУ

Алдағыны ойлап, ақылмен әрекет ету

Пайдақор үй басқарушы туралы астарлы әңгіменің көмегімен Иса маңызды шындықты түсіндірді.

88-ТАРАУ

Бай кісі мен Елазардың жағдайы өзгерді

Исаның астарлы әңгімесінің мәнін түсіну үшін, екі кейіпкердің кімді білдіретінін анықтау керек.

89-ТАРАУ

Переядан Яһудеяға бара жатқан жолда

Иса бізге қарсы күнә жасаған адамға, қайта-қайта жасаса да, кешірімшіл болуға көмектесетін қасиетке көңіл бөлды.

90-ТАРАУ

“Қайта тірілу және өмір”

Иса “маған сенетін адам ешқашан өлмейді” деп не айтқысы келді?

91-ТАРАУ

Елазар қайта тірілді

Исаның бұл кереметін тіпті жаулары жоққа шығара алмайтындай екі басты себеп болды.

92-ТАРАУ

Сауыққан онның біреуі ғана ризашылық білдірді

Сауыққан кісі ризашылықты Исаға ғана емес, тағы біреуге білдірді.

93-ТАРАУ

Адам Ұлының Патшалықта билік етуі

Мәсіхтің келгені қай мағынада найзағайдың жарқылына ұқсайды?

94-ТАРАУ

Дұға мен кішіпейілділіктің маңызы зор

Әділетсіз бидің және жесір әйелдің мысалымен Иса маңызды бір қасиетке баса көңіл бөлді.

95-ТАРАУ

Исаның некеге және кішіпейілділікке қатысты тәлімі

Иса кішкентай балаларға қалай қарады және неге?

96-ТАРАУ

Исаның бай жігітке берген жауабы

Неліктен Иса: “Байдың Құдай Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңайырақ”,— деді?

97-ТАРАУ

Жүзімдіктегі жұмысшылар туралы астарлы әңгіме

Қалайша біріншілер соңғы, соңғылар бірінші болады?

98-ТАРАУ

Елшілер ұлы болуға тағы да ұмтылды

Жақып пен Жохан Патшалықтан мәртебелі орын сұрады, мұны басқалары да қалады.

99-ТАРАУ

Иса екі зағипты сауықтырды және Зақайға көмектесті

Исаның Иерихон маңында екі зағипты сауықтыруға қатысты Киелі кітаптағы қайшы болып көрінген мәліметтер бір-бірімен қалай үйлеседі?

100-ТАРАУ

Он мина жайлы мысал

“Кімде бар болса, соған тағы беріледі, кімде жоқ болса, өзінде бары да алынып қойылады” деген сөздермен Иса не айтқысы келді?

101-ТАРАУ

Иса Бетаниядағы Шимонның үйінде

Елазардың әпкесі Мәриям дау тудырған іс жасады, Иса оны қорғады.

102-ТАРАУ

Патша Иерусалимге тайқарға мініп кірді

Ол бес жүз жыл бұрын айтылған пайғамбарлықты орындады.

103-ТАРАУ

Ғибадатхананы тағы да тазартты

Ақша айырбастаушылар Иерусалимдегі саудасын заңды деп есептегенімен, Иса оларды неге қарақшылар деді?

104-ТАРАУ

Құдайдың даусын естіген яһудилер оған сенер ме екен?

Исаға сену мен сенімге сай әрекет етудің айырмашылығы бар ма?

105-ТАРАУ

Інжірдің қурауы сабақ болды

Иса сенімнің күшін және Исраил халқынан Құдай неге бас тартқанын түсіндірді.

106-ТАРАУ

Жүзімдік жайлы екі мысал

Ұлдарын жүзімдікте жұмысқа жұмсаған кісі мен жүзімдігін жалға берген кісі жайлы мысалдардың мәнін түсіндір.

107-ТАРАУ

Патша қонақтарын тойға шақырды

Исаның мысалы шын мәнінде пайғамбарлық еді.

108-ТАРАУ

Иса қарсыластарының бетін қайтарды

Иса алдымен парызшылдардың, сосын саддукейлердің, ақырында бәрінің бетін қайтарды.

109-ТАРАУ

Иса діни қарсыластарына сөгіс айтты

Иса неге өзге дінді құптамады?

110-ТАРАУ

Исаның ғибадатханадағы соңғы күні

Иса кедей жесірдің ісін үлгі етіп, маңызды нәрсені түсіндірді

111-ТАРАУ

Елшілер белгінің қандай болатынын сұрады

Оның пайғамбарлығы алғаш рет І ғасырда орындалды. Оның болашақта үлкен көлемде орындалуы мүмкін бе еді?

112-ТАРАУ

Ақылды қыздар қырағылық танытты

Иса шәкірттерінің жартысы ақымақ, ал жартысы ақылды дегісі келді ме?

113-ТАРАУ

Ынта-ықыластың маңыздылығы

Исаның астарлы әңгімесі “кімде бар болса, оған тағы да беріледі” деген сөздерінің мәнін түсіндірді

114-ТАРАУ

Мәсіх қойлар мен серкелерді соттайды

Иса астарлы әңгіменің көмегімен қандай істеріне қарай адамдарға мәңгілік үкім шығарылатынын көрсетті.

115-ТАРАУ

Соңғы Құтқарылу мейрамының қарсаңы

Діни жетекшілердің Исаны сату үшін Яһуда Исқариотқа 30 күміс ақша беруге келіскені неге елеулі жайт болды?

116-ТАРАУ

Иса шәкірттерін кішіпейілділікке үйретті

Иса құлдың қызметін атқаруымен елшілерін таңғалдырды.

117-ТАРАУ

Иеміздің кешкі асы

Иса ізбасарлары жыл сайын 14 нисанда атап өтетін еске алу кешін енгізді.

118-ТАРАУ

Араларында ең ұлы кім деген дау туды

Елшілер Исаның тәлімін ұмытып, бұрынғы дауды тағы көтерді.

119-ТАРАУ

Иса — жол, шындық, өмір

Иса Құдайға жақындауға көмектесетін маңызды шындықтарды үйретті.

120-ТАРАУ

Жеміс беру және Исаның досы болу

Исаның шәкірттері қандай “жеміс берулері” керек?

121-ТАРАУ

“Батыл болыңдар! Мен осы дүниені жеңіп шықтым!”

Осы дүние Исаны өлтірген болса, ол қалайша оны жеңіп шықты?

122-ТАРАУ

Исаның кешкі астың соңында айтқан Исаның дұғасы

Иса адамзаттың құтқарылуынан да маңызды жайт бар екенін айтты.

123-ТАРАУ

Жаны өлердей қайғырғанда Иса дұға етті

Неге Иса: “Бұл тостағаннан маған ішкізе көрме”,— деп дұға етті? Төлем ретінде құрбан болудан бас тартқысы келді ме?

124-ТАРАУ

Мәсіхке опасыздық жасалды және ол тұтқындалды

Яһуда Исаны түн отасында да таба алды.

125-ТАРАУ

Исаны Аннасқа, сосын Қаяпаға апарды

Исаның соты әділсымақтардың қойылымы болды.

126-ТАРАУ

Петірдің Исадан тануы

Петір сияқты адал да сенімді адам қалайша Исадан тез-ақ тайып шыға келді?

127-ТАРАУ

Жоғарғы кеңес, сосын Пилат тергеді

Яһуди дінбасылары қара ниеттерін қалай білдірді.

128-ТАРАУ

Пилат пен Ирод Исадан еш кінә таппады

Пилат Исаны неге Иродқа жіберді? Исаны соттауға Пилаттың құқығы болды емес пе?

129-ТАРАУ

“Міне, сол адам!” деп Пилат жар салды

Исаның керемет қасиет танытқанын тіпті Пилат мойындады.

130-ТАРАУ

Иса жендеттердің қолына берілді

Неге Иса әйелдерге өздері мен бала-шағасы үшін қайғырулары керек екенін айтты?

131-ТАРАУ

Кінәсіз Патша азап шекті

Иса қасындағы қылмыскерге болашаққа үміт сыйлады.

132-ТАРАУ

“Мына кісі, расында да, Құдай Ұлы болған екен!”

Тал түстегі қараңғылық, жерсілкінісі және ғибадатхана шымылдығының жыртылуы маңызды бір шындыққа нұсқайды.

133-ТАРАУ

Исаның денесін дайындап, қабірге қойды

Неге Исаның денесін қабірге күн батқанша қою керек еді?

134-ТАРАУ

Қабір бос, Иса тірі!

Қайта тірілген Иса алдымен әйел шәкірттеріне, сосын елшілеріне көрінді.

135-ТАРАУ

Қайта тірілген Иса көп адамға көрінді

Иса өзінің қайта тірілгенін шәкірттеріне қалай дәлелдеді?

136-ТАРАУ

Ғалилея теңізінің жағасында

Иса Петірге сүйіспеншілігін дәлелдеудің жолын үш рет көрсетті.

137-ТАРАУ

Қайта тірілген Исаны жүздеген шәкірті көрді

Қайта тірілген Иса көкке кетпей тұрып қайта-қайта шәкірттерінің назарын қандай сыйға аударды және олар оны қалай қолданбақ еді?

138-ТАРАУ

Мәсіх Құдайдың оң жағында

Иса жауларына қарсы әрекет ететін кезге дейін немен айналысты?

139-ТАРАУ

Иса Жұмақ орнатады және тапсырылған істі түгел аяқтайды

Иса Патшалықты Әкесіне қайтып тапсырғанға дейін көп іс атқарады.

Исаға еліктеу үшін...

Иса өмірінде әрдайым аталмыш 8 қасиетті танытып отырған.

Киелі кітап көрсеткіші

Осы көрсеткіштің көмегімен Інжілдің қандай да бір тармағы кітаптың қай тарауында қарастырылатынын көр.

Мысалдардың көрсеткіші

Әр мысал кітаптың қай тарауында қарастырылатынын көр.

Мәсіхке қатысты кейбір пайғамбарлықтар

Исаның өмірінде орын алған оқиғалар мен оның Мәсіх екенін дәлелдейтін Киелі кітап пайғамбарлықтарын салыстыр және бұлар осы кітаптың қай тарауында талқыланатынын біл.

Иса өмір сүрген және уағыз айтқан өңір

Иса өмір сүрген және уағыз айтқан өңір.