Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар

Өмірдің бар мәні осы ма?

“Өмір дегенің қамшының сабындай-ақ”,— деп қапаланған кезіңіз болған ба?

Бәлкім, сіз: “Өмірдің бар қызығы ойнап-күлу, жұмыс істеу, үйлену, балалы-шағалы болып, қартаюда ғана ма?”— деп ойланған шығарсыз (Әйүп 14:1, 2). Құдай Сөзінде жазылғандай, тіпті дана кісілер де осы жайлы толғанған (Уағыздаушы 2:11 оқыңыз).

Өмірдің мәні бар ма? Бұл үшін алдымен өмірдің өзі қайдан бастау алғанын білген жөн. Адамның ағзасы мен миының ғажайып түрде құрастырылғанын түсінгенде, көбісі мынадай тұжырымға келген: біз өте дана Жаратушының қолынан шыққанбыз (Зәбүр 139:14 оқыңыз). Олай болса, ол бізді белгілі бір мақсатпен жаратқаны сөзсіз! Сол мақсатты білсек, өміріміз мағыналы бола түспек.

Адамдар не үшін жаратылған?

Жаратушы Құдай ең алғашқы еркек пен әйелге батасын беріп, бір керемет іс тапсырған. Оның ниеті бойынша, адамдар жер бетін ұрпақтарымен толтырып, оны жұмаққа айналдырып, мәңгі өмір сүрулері керек болған (Мұсаның 1-жазбасы 1:28, 31 оқыңыз).

Адамдар Құдайдың билігіне қарсы шыққанда, Құдайдың бұл ниеті кейінге қалдырылды. Алайда Құдай бізден бас тартқан жоқ, әрі ол ниетін жүзеге асырмай қоймайды. Киелі кітапқа сай, Құдай өзіне адал адамдардың құтқарылуына және жерге қатысты ниетінің іске асуына қам жасауда. Демек, Құдай әуел баста өзі ниет еткен өмірдің қандай болу керектігін сіздің де көргеніңізді қалайды! (Зәбүр 37:29 оқыңыз). Құдайдың ниеті орындалғанда, соның игілігін көру үшін не істей алатыныңыз жайлы Киелі кітаптан біле аласыз.