КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ (ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН) Мамыр 2013

Осы санда ізгі хабарды уағыздаушы ретіндегі қызметімізді қалайша толықтай атқара алатынымыз түсіндіріледі. Сондай-ақ жақсы пікір алысып, отбасында бақытты болуға көмектесетін қасиеттерге назар аударылады.

Ізгі хабарды уағыздау қызметіңді толықтай атқар

Бүгінде адамдарға ізгі хабарды есту неліктен аса маңызды? Ізгі хабарды уағыздау қызметімізді қалай жақсы атқара аламыз?

Сен “игі істерге ынталысың” ба?

Осы мақалада құлшыныспен уағыздағанымыз және үлгілі жүріс-тұрысымыз қалай адамдарды шындықты қабылдауға талпындыратыны қарастырылады.

Оқырман сауалдары

Көптеген ежелгі халықтарда кейбір қылмыскерлерді жазалау үшін, оларды бағанаға іліп қоятын. Ал Исраил халқы жөнінде не деуге болады?

Жақсы пікір алысу арқылы некелеріңді нығайтыңдар

Некеде бақытты болу үшін жақсы пікір алысу аса маңызды. Осы мақалада жақсы пікір алысуға көмектесетін қасиеттер қарастырылады.

Ата-аналар мен балалар, сүйіспеншілікпен пікір алысыңдар

Жақсы пікір алысуға не кедергі жасауы мүмкін? Оларды қалай жеңуге болады?

ӨМІРБАЯН

Өміріміз мән-мағынаға толы

Патришаның екі баласы да сирек кездесетін генетикалық аурумен ауырады. Қиындықтарға қарамастан, ненің арқасында олардың өмірлері мән-мағынаға толы екенін біліңіз.

Мұраңнан айырылып қалмау үшін дана шешімдер қабылда

Мәсіхшілерге қандай мұра уәде етілген және Есаудың мысалынан қандай сабақ аламыз?

БІЗДІҢ МҰРАҒАТТАН

Олар “сыналған кезде” нық тұрды

1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, “Киелі кітап зерттеушілерінің” бейтараптығы қалай жұрттың назарына іліккені жайлы оқып көріңіз.