Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

“Бұл біз үшін жаңалық болды!”

“Бұл біз үшін жаңалық болды!”

СЮ-ДЖУНГ есімді Оңтүстік Кореядағы жоғарғы сынып тәрбиешісі оқушыларына jw.org веб-сайтындағы бейнематериалдарды көрсетіп жүр екен. Ол былай дейді: “Нағыз дос қандай болады?” деген фломастерлік анимация оқушыларға қатты ұнады! Бейнероликті көріп болғаннан кейін, балалар жылы лебіздерін білдіріп: — Нағыз достық осындай болу керек деп ойламаппыз. Бұл біз үшін жаңалық болды!— деп жатты. Ал кейбіреулері кеңес керек болған кезде осы сайтқа кіретіндерін айтты”. Сосын Сю-джунг былай деп қосты: “Мен басқа да көптеген әріптестеріме осы бейнероликтің қаншалықты тиімді екенін айттым. Олар осындай керемет көрнекі құралды өз сабақтарында қолдана алатындарына қуанды”.

Оңтүстік Кореядағы көптеген мектеп оқушыларына көмегі тиген басқа бір бейнеролик “Бұзақыларды жұдырықсыз жеңе біл” деп аталады. Жасөспірімдерді бұзақылықтан сақтау мекемесінде жұмыс істейтін бір тәрбиеші осы бейнероликті бір сыныпқа көрсетіпті. “Бейнероликтегі анимациялық бейнелер көзге тартымды етіп жасалғандықтан, жастардың назарын бірден жаулап алады,— дейді ол.— Бір жақсысы, ол жерде бұзақыларға қалай жауап беру керектігі ғана емес, қиын жағдайдың қалай алдын алуға болатыны да түсіндіріледі”. Аталмыш мекеме бейнероликті көптеген бастауыш және орта сыныптарына арналған тәрбие сабақтары кезінде көрсету үшін Ехоба куәгерлерінен рұқсат алды. Тіпті полиция қызметкерлері де jw.org сайтындағы бейнематериалдарды қолданып жүр екен.

Егер сіз осы сайтқа әлі кірмеген болсаңыз, неге солай етіп көрмеске? Сайтты қолдану өте жеңіл әрі ол жердегі аудио мен бейнематериалдарды және Киелі кітап пен басқа да әдебиеттерді тегін жүктеп алуға болады.