Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚАЙҒЫРҒАН ЖҮРЕКТІҢ ЕМІ

Қайғы азабы

Қайғы азабы

“Отау құрғанымызға 40 жылдай болғанда, әйелім Сабина * созылмалы дерттен көз жұмды. Сол бір ауыр шақта жанашыр достарым маған көп қолдау көрсетті. Өзім де көңілімді басқа нәрсеге бұруға тырыстым. Бірақ бір жыл бойы ішімдегі шер өзегімді өртеп қоймады. Көңілім алай-түлей болып, жанымды қоярға жер таппадым. Арада үш жылдай уақыт өтсе де, кейде қайғы дертім аяқастынан бас көтеріп, жүрегім сыздап қоя береді” (Карим).

Жақыныңыздан айырылған болсаңыз, Каримнің күйі сізге де таныс шығар. Иә, адам үшін өмірлік серігінің, туған-туысы мен жақын досының өлімінен асқан қасірет жоқ. Бір журналда: “Өлім — орны толмас әрі жанға ең қатты бататын қасірет”,— делінген (“The American Journal of Psychiatry”). Осындай қасіретке душар болған жандар “Бұл күйімнен қашан арылар екенмін? Бақытты күндер қайта туа ма? Жан жарама қалай ем табамын?” деп айтар.

Бұл сұрақтардың жауабын “Ояныңдар!” журналының осы санынан таба аласыз. Келесі мақалада жуырда ғана жақынынан айырылған жандардың қандай күй кешуі мүмкін екені сөз етіледі. Ал одан кейінгі мақалаларда қайғыны жеңілдетудің жолдары қарастырылады.

Осы мақалалар қайғы азабын тартып жүргендерге жұбаныш пен көмек болады деп шын жүректен үміттенеміз.

^ 3-абзац Осы бірқатар мақаладағы кейбір есімдер өзгертілген.