Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ШАРАЙНА

Ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас

Ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас

Ер мен әйел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты кеңес қажет болғанда, әдетте қандай мәліметке жүгінесіз? Мұндай жағдайда Киелі кітап таптырмас ақыл-кеңестің көзі бола алады. Ежелде жазылып қалдырылған Киелі кітаптың даналығы мен соңғы жылдары жүргізілген зерттеулерді салыстырып көріңіз.

ҮНДІСТАН.

2014 жылы Үндістанда жүргізілген сауалнама бойынша, 18 бен 25 жас аралығындағы жастардың 61%-ы некеге дейін төсек қатынасына баруды ұят көрмейді екен. Бұл жайында Мумбай қалалық емханасының бір дәрігері “Хиндустан Таймс” баспасында өз ойын былай деп білдірді: “Бүгінгі жастардың көбісі отбасын құру мақсатымен кездеспейді. Олардың ойлары — қалаған кездерінде бірге бола салу немесе некесіз-ақ бірге тұра беру”.

ОЙЛАНАТЫН ЖАЙТ. Ауру жұқтыратын не жан күйзелісіне ұшырайтын көбінесе кімдер: некеге дейін жыныстық қатынасқа түскендер ме, әлде неке құрғаннан кейін бе? (Қорынттықтарға 1-хат 6:18).

ДАНИЯ.

Үй ішіндегілермен жиі ұрсысып-керісетін адамдарда орта жаста қайтыс болу қаупі екі есе көп екен. Копенгаген университетінің зерттеушілері 11 жыл бойы орта жастағы 10 000 адамның өмірін бақылаған. Жақын туыстарымен жиі жанжалдасатын адамдар сирек ашуланатын адамдарға қарағанда аз өмір сүрген, яғни орта жасқа жетпей-ақ қайтыс болған. Осы зерттеу барысында орта жастағы кісілердің өлімін қысқарту үшін, отбасылық өмірде уайымға салынбаудың, орынсыз талап қоя бермеудің, туындаған кикілжіңді шешудің қаншалықты маңызды екені анықталып отыр.

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Білімді байыппен сөйлер, парықты сабыр сақтар” (Нақыл сөздер 17:27).

ҚҰРАМА ШТАТТАР.

Зерттеушілер Луизиана штатында жаңадан отау құрған 564 жұптың өмірін бақылаған. Кездесіп жүргендерінде бірде айырылысып, бірде қосылғандары некедегі алғашқы бес жылдың ішінде ажырасып кеткен. Олардың үйлерінде қайта-қайта ұрыс-жанжал туындаған, әрі некелерінен бақыт таппаған.

КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСІ: “Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын!” (Матай 19:6).