Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Сіз жасы, ұлты, діні бөлек адамға көмек бере аласыз ба?

Мұқтажға кең болған кем болмайды

Мұқтажға кең болған кем болмайды

Әлемде үйсіз-күйсіз, ішерге ас таппай жүрген адамдар қаншама. Ал кейбіреулері болса үміт отына зәру. Қиналғандарға қол ұшын созатын жандарға Алла Тағала шапағатын төгіп жарылқайды.

КИЕЛІ ЖАЗБАЛАРДЫҢ АЙТАРЫ

“Бейшараны қамқорлаған Ехобаға қарыз береді, Істеген жақсылығы Құдайдан қайтады” (НАҚЫЛ СӨЗДЕР 19:17)

МҰҚТАЖҒА КЕҢ БОЛУ ДЕГЕН НЕ?

Ғайса пайғамбар бір ғибратты әңгімесінде қарақшылардың қолына түсіп, өлімші күйге дейін соққы жеген бір кісі туралы айтып береді (Лұқа 10:29—37). Оның қасына бөтен бір кісі тоқтап, қатты жараланған сол адамға көмек көрсетеді. Ол ұлты басқа болса да, көмегін еш аямайды.

Бұл қайырымды кісі оған алғашқы жәрдем көрсетті. Одан ақшасын да аямады, оның тез аяққа тұрып кетуіне жағдай жасады.

Сонымен, Ғайса пайғамбар бұл әңгімесімен қандай өнеге қалдырғысы келді? Ол қиналған адамдардан қолымыздан келген көмекті аямауға үйреткісі келді (Нақыл сөздер 14:31). Киелі жазбаларда жақын арада құдіретті Алла Тағала кедейлік пен қайғы-қасіретті түптамырымен жоятыны айтылған. Бірақ Алла Тағала мұны қалай және қашан жүзеге асырады? Келесі мақалада сүюші Алланың сіз үшін дайындап қойған сыйларын білесіз.