Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Бізге жақсы заман керек!

Бізге жақсы заман керек!

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антонио Гутерреш: “Әлемнің ахуалы ушығып тұр”,— деген еді. Бұл сөзбен сіз де келісетін шығарсыз.

Жаңалықтарда жайсыз хабарлар қаптап кетті:

  • Ауру мен пандемия

  • Табиғи апаттар

  • Кедейшілік пен ашаршылық

  • Табиғаттың ластануы мен ғаламдық жылыну

  • Қылмыс, зорлық және жемқорлық

  • Соғыстар мен қақтығыстар

Иә, бізге шынымен де жақсы өмір, жақсы заман қажет:

  • Мықты денсаулық

  • Қауіпсіздік пен тыныштық

  • Мол азық-түлік

  • Таза табиғат

  • Әділдік

  • Ашық аспан астында бейбіт өмір

Жақсы заман деген қандай заман?

Қазіргі заманмен не болады?

Жақсы заманда жасау үшін не істеу керек?

Бұл журналда осы және басқа да сұрақтардың жауабы бар. Ол жауаптарға көңіліңіз толады деп сенеміз.