Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Болашағымыз жайлы ақиқат

Болашағымыз жайлы ақиқат

Алда бізді не күтіп тұр? Бұл сұрақ сізді де мазалаған болар. Киелі жазбалар жақын арада күллі адамзатқа ықпал ететін маңызды оқиғалардың болатынын айтады.

Иса “Құдай Патшалығының таяп қалғанын” неден біле алатынымызды айтып кеткен (Лұқа 21:31). Сол кезде ол басқа жайттармен қатар алапат соғыстар, қатты жер сілкіністер, ашаршылық пен індеттер болатыны алдын ала айтты. Бүгінде біз бұлардың барлығы орындалып жатқанына куәміз (Лұқа 21:10—17).

Сондай-ақ Киелі кітапта адами үкіметтердің соңы таяп қалғанын адамдардың теріс мінез-құлқынан байқауға болатыны айтылған. Олардың тізімін Тімөтеге 2-хат 3:1—5 тармақтардан оқи аласыз. Сол жерде сипатталған теріс мінездер мен қылықтарды адамдардың бойынан көргенде, Киелі кітапта алдын ала айтылып кеткен сөздердің растығына күмәніңіз қалмаса керек.

Демек, Құдай Патшалығының жер бетінде өте үлкен өзгерістер жасайтын уақыты таяп қалды. Сол кезде жердегі жағдай жақсы жаққа қарай түбегейлі өзгереді (Лұқа 21:36). Құдай Киелі кітапта жерді және онда өмір сүретін адамдарды тамаша болашақ күтіп тұрғанын уәде етеді. Сол болашаққа қысқаша шолу жасап кетейік.

ЖАҚСЫ ҮКІМЕТ

“Оған [Исаға] халықтар, ұлттар мен әртүрлі тілдің адамдары қызмет ету үшін, қолына билік, даңқ пен патшалық берілді. Оның билігі — еш бітпейтін мәңгілік билік, патшалығы ешқашан жойылмайды” (ДАНИЯЛ 7:14).

Бұл сөздердің мәні: Құдай өз Ұлын патша етіп қойған теңдесі жоқ дүниежүзілік үкіметтің қол астында бақытты да баянды өмір кешесіз.

ЗОР ДЕНСАУЛЫҚ

“Ешкім: “Мен науқаспын”,— демейтін болады” (ИШАЯ 33:24).

Бұл сөздердің мәні: Сіз ешқашан ауырмайсыз, мүгедек те болмайсыз. Өлім құшпай өмір сүруге мүмкіндігіңіз болады.

ТЫНЫШТЫҚ ОРНАЙДЫ

“Ол күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтатады” (ЗӘБҮР 46:9).

Бұл сөздердің мәні: Ешқандай соғыс қатері төнбейді және соғыс атаулы ешқандай қасірет әкелмейтін болады.

ЖЕРДЕ ТЕК ЖАҚСЫ АДАМДАР БОЛАДЫ

“Зұлымдар жоқ болады... Ал момындар жерді мұра етеді” (ЗӘБҮР 37:10, 11).

Бұл сөздердің мәні: Зұлым адамдар мүлдем болмайды, тек Құдайдың тілін алатын адамдар ғана өмір сүреді.

БҮКІЛ ҒАЛАМ ЖҰМАҚҚА АЙНАЛАДЫ

“Жұрт үйлер салып, соларға қоныстанады, Жүзімдіктер отырғызып, жемісін жейтін болады” (ИШАЯ 65:21, 22).

Бұл сөздердің мәні: Жер жүзі көркейе түседі. Құдай біздің “еркің жер бетінде орындалсын” деген дұғамызды орындайды (Матай 6:10).