КҮЗЕТ МҰНАРАСЫ (ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН) Қазан 2016

Бұл санда 2016 жылдың 28 қараша мен 25 желтоқсан аралығында зерттелетін мақалалар бар.

Бейтаныс адамдарға қайырымдылық танытуды ұмытпайық

Ехобаның жатжерліктерге қатысты көзқарасы қандай? Басқа елден келген бейтаныс адамның қауымыңызда өзін жатсынбауы үшін не істей аласыз?

Өзге тілді қауымда қызмет еткенде, рухани күйіңізді сақтаңыз

Өзінің және отбасының рухани күйін сақтау барлық мәсіхшілер үшін басты орында тұру қажет. Алайда өзге тілді танапта қызмет етіп жүрсеңіз, мұның кейбір қиындықтарымен кезігесіз.

“Үміттенгеніңіздің жүзеге асатынына” сеніміңіз берік болсын

Ежелдегі және осы замандағы берік сенім танытқан тұлғалардың үлгісі біздің рухымызды нығайтады. Ал сіз өз сеніміңізді қалай берік ете аласыз?

Ехобаның уәделеріне деген сенімімізді көрсетейік

Шын мәнінде сенім дегеніміз не? Одан да маңыздысы, сеніміміз бар екенін қалай көрсете аламыз?

ӨМІРБАЯН

Өнеге болған жандардың ізімен келемін

Рухани толысқан бауырластар өзгелерге құнды мақсаттар қойып, соларға ұмтылуға көмектеседі. Томас Маклейн өзгелердің өзіне қалай өнеге болғанын және өзі де басқаларға қалай үлгі болуға тырысқанын баяндайды.

Сіз білгенсіз бе?

Ежелгі заманда әлдекім біреудің егістігіне арамшөп сеуіп кетуі мүмкін бе еді?