Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Зерттеу әдістері

Зерттеу әдістері

“Жаңалары” бөлігін тиімді пайдалану үшін...

“JW Library”® қосымшасы мен jw.org сайтындағы “Жаңалары” бөлігінде соңғы шыққан материалдар бар. Жаңалықтан құр қалмау үшін бұл бөлікті тиімді пайдалана білесіз бе?

“JW Library” қосымшасында

  • Бір жаңа мақала шықса, ол қай мақалалар топтамасына тиесілі, сол топтаманың атымен жарыққа шығады. Демек, “Жаңалары” деген бөліктен мақалалар топтамасы шығып тұрса, оның соңғы нұсқасын жүктеп алуыңыз керек. Ішінде датасы бойынша тізілген мақалалар шығады. Жаңадан шыққан мақаланы сол тізімнің басынан тауып, оқи аласыз.

  • Ал журналды не басқа ауқымды басылымды бір дегенде оқып шыға алмассыз. Сондықтан әлі оқып бітірмеген басылымдарды адаспай табу үшін, “Таңдаулы” деген бөлікке қосып қойсаңыз болады. Аяқтаған соң, ”Таңдаулыдан” алып тастайсыз.

JW.ORG сайтында

Кейбір жаңалықтар мен хабарландырулар “JW Library” қосымшасында емес, тек jw.org сайтында шығады. Сондықтан қапы қалмай, сайттың “Жаңаларын көріңіз” деген жерін тексеріп тұрыңыз.