Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері не себепті Пасханы тойламайды?

Ехоба куәгерлері не себепті Пасханы тойламайды?

Көп тараған жаңсақ пікірлер

Жаңсақ пікір: Ехоба куәгерлерінің Пасханы тойламайтындарының себебі — олар мәсіхшілер емес.

 Шындық: Біз Иса Мәсіхке құтқарушымыз деп сенеміз және “оның ізімен тура жүру” үшін барымызды саламыз (Петірдің 1-хаты 2:21; Лұқа 2:11).

Жаңсақ пікір: Сендер Исаның қайта тірілгеніне сенбейсіңдер.

 Шындық: Біз Исаның қайта тірілгеніне сенеміз. Исаның қайта тірілуі — мәсіхшілердің сенімінің негізі және біз өзгелерге уағыздағанда осы жайлы айтамыз (Қорынттықтарға 1-хат 15:3, 4, 12—15).

Жаңсақ пікір: Сендер балаларыңа Пасханы тойлатпай, оларды қуаныштан айырасыңдар.

 Шындық: Біз балаларымызды жақсы көреміз, оларға жақсы тәрбие беру үшін әрі олар бақытты болу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз (Титке 2:4).

Ехоба куәгерлері не себепті Пасханы тойламайды?

  •   Пасха мейрамы Киелі кітапқа негізделмеген.

  •   Иса бізге оның қайта тірілгенін емес, өлімін еске алып тұруды бұйырған. Киелі кітаптың ай күнтізбесіне сай, біз жыл сайын оның өлімін еске алып тұрамыз (Лұқа 22:19, 20).

  •   Біз Пасханың әдет-ғұрыптары ежелгі құнарлылық салт-жораларынан бастау алған деп сенеміз. Сондықтан да бұл мейрам Құдайға ұнамсыз. Құдай бізден оған “қалтқысыз берілгенімізді” талап етеді және ғибадатымызда оған ұнамайтын әдет-ғұрыптардың болғаны оны қорлайды (Мұсаның 2-жазбасы 20:5; Патшалар 1-жазба 18:21).

 Біздің Пасханы тойламауымыздың себептері Киелі кітапқа негізделген. Киелі кітап бізді жай ғана салт-дәстүрлерге ермей, “даналық пен саналылық” танытуға шақырады (Нақыл сөздер 3:21; Матай 15:3). Егер әлдебіреу бізден Пасха жайлы ойымызды сұраса, біз көзқарасымызды ашық айтамыз. Алайда әр адамның бұл мәселеде қабылдайтын шешімін құрметтейміз (Петірдің 1-хаты 3:15).