Иса. Өмірі мен қызметі
Көңіл толқытар осы видеолардан Құдайдың адамзатты құтқару үшін жіберген Ұлы — Иса Мәсіх жайлы тереңірек біліңіз.
“Иса. Өмірі мен қызметі”—Драмаға шолу
Иса туралы осы қызықты драманы тамашалап, Ізгі хабарлардағы оқиғаларды көз алдыңызға елестетіңіз.
1-СЕРИЯ
Дүниеге шынайы жарық келді
Жүсіп пен Мәриямға өзгелерден ерекше бала – Исаны тәрбиелеу мәртебесі беріледі.
2-СЕРИЯ
“Бұл — менің сүйікті Ұлым”
Шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия Мәсіхтің келетінін жариялайды. Иса қызметін бастайды.
3-СЕРИЯ
“Мен — соның өзімін”
Иса Нікөдем, самариялық әйел, Назареттің адамдарына тәлім береді. Алайда бәрі бірдей оның тәлімін қабылдамайды.
4-СЕРИЯ
“Мен сол үшін келдім”
Иса ауруларды сауықтырып, жындарды қуады, шәкірттер дайындап, 12 елшісін таңдайды.
5-СЕРИЯ
“Жұрт оның тәліміне қайран қалды”
Бір топ адамды сауықтырған соң, Иса көпке танымал Таудағы уағызын айтады.
6-СЕРИЯ
“Келеді деген Кісі сіз бе?”
Иса жесір әйелдің ұлын тірілтеді. Қарапайым тәлім беріп, тыңдармандарының жүрек түпкіріндегі ой-ниеттерін ашады.
Иса. Өмірі мен қызметі. Серияларға шолу
Інжілдегі оқиғаларға жан бітіретін трейлерді тамашалаңыз.

