МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ

Шынайы ғибадатқа арналған орындарды соғу және күтіп ұстау мәртебесі

Шынайы ғибадатқа арналған орындарды соғу және күтіп ұстау мәртебесі

Исраилдегі ғибадатхананы соғу үшін көп еңбек пен қаражат қажет болды. Исраилдіктер бұл құрылысқа құлшыныспен қолдау көрсетті (Ш1ж 29:2—9; Ш2ж 6:7, 8). Ғибадатхана соғылып біткеннен кейін исраилдіктер оны күтіп ұстау керек еді. Бұдан олардың рухани күйі айқын көрінетін (П2ж 22:3—6; Ш2ж 28:24; 29:3). Бүгінде мәсіхшілер Патшалық сарайлары мен Конгресс сарайларын соғу, тазалау және күтіп ұстау үшін көп уақыт пен күш жұмсайды. Әрине, біз бұл орайда Ехобамен қызметтес болуды үлкен мәртебе және қасиетті қызметіміздің бір бөлігі деп санаймыз (Зб 127:1; Аян 7:15).

ӨЗ ҮЛЕСІМІЗДІ ҚАЛАЙ ҚОСА АЛАМЫЗ?

  • Әр қауым кездесуінен кейін тазалық ісіне қатысу. Бұған жағдайыңыз келмей жатса, отырған орныңызды тазалап кетіңіз.

  • Патшалық сарайын тазалау және күтіп ұстау үшін ұйымдастырылып тұратын шараларға атсалысу. Жұмыла көтерген жүк жеңіл (lv 92, 93-б., 18-абз.).

  • Қаржылай қолдау көрсету. Шын жүректен берген “ұсақ екі тиыныңыз” да Ехобаны қуантады (Мр 12:41—44).

  • Мүмкін болса, ғибадат орындарын соғу мен қалпына келтіру жұмыстарына ерікті қызметші ретінде көмектесу. Бұл үшін білікті маман болу міндетті емес.