МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Ехоба өз халқын қорғайды
Алғашқы Құтқарылу мейрамы елеулі оқиға болған. Сол түні перғауын тұңғыш ұлының өліп қалғанын білгенде, Мұсаны шақыртып: “Жиналыңдар, екеуің исраилдіктерді ертіп, менің халқымның арасынан кетіңдер! Барыңдар да, өздерің айтқандай, Ехобаға ғибадат етіңдер”,— деген (М2ж 12:31). Осылай Ехоба өз халқын қорғайтынын көрсетті.
Ехобаның халқының заманауи тарихына үңілсек, ол өз халқын әлі де жетелеп, қорғап келе жатқаны тайға таңба басқандай көрінеді. Дүниежүзілік бас басқармадағы “Ехобаның атымен аталатын халық” деген мұражай осыған айғақ.
“УОРВИКТЕГІ КӨРМЕЛЕРГЕ ЭКСКУРСИЯ: “ЕХОБАНЫҢ АТЫМЕН АТАЛАТЫН ХАЛЫҚ” ДЕГЕН БЕЙНЕРОЛИКТІ КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІҢІЗ:
-
Киелі кітап зерттеушілері жұрттың Киелі кітапқа деген сенімін ояту үшін 1914 жылдың басында өз заманынан озық қандай құралды қолданды? Бұның жемісі қандай болды?
-
1916 және 1918 жылы қандай сынақтар болды? Сол кезде Ехобаның ұйымды бағыттап жатқаны неден көрінді?
-
Ехобаның халқы қарсылыққа кезіксе де, қалай сенімде нық тұрды?
-
1935 жылы Ехобаның халқына қандай жаңа түсінік ашылды, әрі бұл оларға қалай ықпал етті?
-
Осы мұражайда не жергілікті Бетелдегі көрмеде болғаныңызда, не нәрсе Ехобаның өз халқын жетелеп, қорғап келе жатқанына сеніміңізді нығайтты?