Мұса мен Харон ерен батылдық танытты
Мұса мен Харон сол замандағы ең мықты билеушімен сөйлескенде, ерен батылдық пен жүрекжұтқандық танытты. Олардың бойына мұндай батылдық қайдан бітті? Мұса жайында Киелі кітапта: “Сенімі болғандықтан Мұса Мысырды тастап кетті. Патшаның қаһарынан қорыққаннан емес, көзге көрінбейтін Тұлғаны көріп тұрғандай берік болғандықтан солай етті,”— делінген (Ев 11:27). Мұса мен Харонның Ехобаға деген сенімі болаттай берік болып, оған арқа сүйеді.
Қандай жағдайларда билігі барларға сенімімізді түсіндіру үшін батылдық қажет болады?