ҚҰДАЙ СӨЗІНДЕ ЖАТҚАН ҚАЗЫНА | МҰСАНЫҢ 2-ЖАЗБАСЫ 8, 9

Өркөкірек перғауын өзі білмей Ехобаның еркін іске асырды

Өркөкірек перғауын өзі білмей Ехобаның еркін іске асырды

8:15, 18, 19; 9:15—17

Мысырлық перғауындар өздерін құдай санаған. Ендеше, перғауын неліктен Мұса мен Харонды, тіпті өзінің сиқыршылықпен айналысатын абыздарын тыңдамағаны түсінікті.

Ал сіз өзгелер бір ұсыныс айтса, тыңдайсыз ба? Біреу кеңес берсе, ризашылықпен қабылдайсыз ба? Немесе әрқашан өзіңіздікін дұрыс санайсыз ба? “Көкіректік — күйреудің басы” (Н.с 16:18). Өркөкірек болып кетуден сақтанып жүру қаншалықты маңызды десеңізші!