ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ

Жүрегіңізді дайындаңыз

Жүрегіңізді дайындаңыз

Киелі кітапты зерттегенде, Ехобаның ойлары жүрегімізге, яғни ойларымызға, сезімдеріміз бен қалауларымызға әсер етсе екен дейміз. Осы орайда Езра бізге жақсы үлгі қалдырған. Ол “Ехобаның Заңын зерттеуге... өз жүрегін дайындаған” (Езра 7:10). Біз де өз жүрегімізді қалай дайындасақ болады?

Дұға етіңіз. Зерттеуіңізді үнемі дұғамен бастаңыз. Ехобадан зерттейтін мәліметті түсінуге, кейін оны қолдануға көмектесуін сұраңыз (Зәб. 119:18, 34).

Кішіпейіл болыңыз. Ехоба көкірек және өз ақылына сүйенетін адамдардан шындықты жасырады (Лұқа 10:21). Зерттегенде, мақсатыңыз өзгелерді таңғалдыру болмасын. Ойыңыз Құдайдың көзқарасына сай келмейтінін байқасаңыз, кішіпейілділік танытып, ойыңызды өзгертіңіз.

Патшалық әндерін тыңдаңыз. Әннің жүрек қылын шертетін құдіреті бар. Егер зерттеу алдында ән тыңдасақ, бұл бізге жүрегімізді дайындауға көмектеседі.