23 ҚАЗАН, 2023
ИЗРАИЛЬ

Израиль мен Газа секторында қақтығыс жалғасуда

Израиль мен Газа секторында қақтығыс жалғасуда

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль мен Газа секторында аяусыз зорлық-зомбылық пен қарулы қақтығыс жалғасып келеді. Жүздеген мың адам бассауғалап қашуға мәжбүр болды. Есептерге сүйенсек, осы күнге дейін шамамен 4200 адам қайтыс болды.

Бауырластарымыз жайлы ақпарат

  • Бауырластардың бәрі аман-сау

  • 93 жариялаушы үйінен кету керек болды

  • 3 үйге кішігірім зақым келді

  • Патшалық сарайларына зақым келмеді

Көрсетілген көмек

  • Аудандық бақылаушылар мен ақсақалдар соғыс аймақтарындағы бауырластарға рухани көмекті де, олардың керек-жарағын да беріп жатыр.

  • Көмек көрсету жұмыстарына бас-көз болатын Төтенше жағдайлар комитеті құрылды.

Ерлі-зайыпты мен екі әйел бауырлас қауіпсіз жерде отыр. Олар Құдай Сөзін оқып, жұбаныш пен күш-қуат сезініп жатыр

Қақтығыс жүріп жатқан жерлерде бауырластарымыз видеоконференция арқылы қосылып, қолдарынан келгенше Ехобаға қызмет етіп жатыр. Бір аудандық бақылаушы былай дейді: “Біз ертеңгі жағдай қандай болатынын білмейміз. Бірақ бауырластардың керемет сенімін, бір-біріне деген риясыз сүйіспеншіліктерін көру бізге күш береді”.

Құдай “күллі жержүзіндегі соғыстарды тоқтататын” күнді бәріміз асыға күтіп жүрміз (Зәбүр 46:9).