Иә. Ехоба куәгерлерінің барлығы, оның ішінде бірнеше миллион әйел де уағыздайды. Киелі жазбаларда алдын ала айтылғандай, “көптеген қыз-келіншек оны [қуанышты хабарды] хабарлады” (Забур 68:11).

Ехоба куәгерлерінің ұйымындағы әйелдер Киелі жазбаларда жазылған әйелдердің үлгісіне еліктейді (Нақыл сөздер 31:10—31). Олар қауымда жетекшілік етпегенмен, уағыз ісіне толықтай атсалысады. Балаларына да Киелі кітаптағы нұсқауларды үйретеді (Нақыл сөздер 1:8). Олар айтқан сөздері мен істерінде үлгілі болу үшін Куәгер әйелдер аянбай тер төгеді (Титке 2:3—5).