Мазмұнға өту

Ехоба куәгерлері

Тілді таңдау қазақ

Бұрын сендердің діндеріңді ұстанғандардан қашқақтайсыңдар ма?

Бұрын сендердің діндеріңді ұстанғандардан қашқақтайсыңдар ма?

Біз кезінде Ехоба куәгері ретінде шомылдыру рәсімінен өткен, бірақ бұдан былай уағыз ісіне қатыспай немесе тіпті бір сенімдегілермен араласпай кеткен адамдардан қашқақтамаймыз. Қайта, рухани жағынан өз-өздеріне келу үшін көмектесуге тырысамыз.

Ауыр күнә жасаған адам бірден қауымнан шығарылмайды. Бірақ шомылдыру рәсімінен өткен Куәгер Киелі кітаптың өнегелілік принциптерін бұзып, жасаған қылығына өкінбесе, қауымнан шығарылады. Киелі кітапта: “Зұлым адамды араларыңнан аластатыңдар”,— деп анық айтылған (Қорынттықтарға 1-хат 5:13).

Отағасы қауымнан шығарылып, ал әйелі мен бала-шағасы Ехоба куәгері болып қала берсе ше? Оның отбасымен діни байланысы үзілгенмен, туыстық байланысы үзілмейді. Некелік қарым-қатынас, отбасында сүйіспеншілік таныту, міндеттерін атқару сияқты жайттар сол күйі қала береді.

Қауымнан шығарылғандардың қауым кездесулерімізге келуіне болады. Қаласа, ақсақалдар оларға Киелі кітапқа негізделген кеңестер де береді. Басты мақсат — олардың әрқайсысына қайтадан Ехоба куәгерлерінің қатарына қосылуға лайық болуға көмектесу. Қауымнан шығарылған адам бұрыс қылықтарын тастап, шын жүректен Киелі кітап талаптарына сай өмір сүргісі келетін болса, бауырластары оны қайта қауым мүшесі ретінде көргендеріне қуанышты болады.